Андорра U17 - Қазақстан U17 - 0:2. Екінші тайм

Қазақстан мен Андорра жасөспірімдер құрамалары арасындағы ойынның екінші таймда есеп өзгерген жоқ.

Қазақстан мен Андорра жасөспірімдер құрамалары арасындағы ойынның екінші таймда есеп өзгерген жоқ. Қазақстан футболшылары ойын басымдығын толықтай бақылап, қарсыластың шабуыл ұйымдастыруына мүмкіндік бермеді. 

Екінші таймның басында Қазақстан құрамасының қарымта шабуылын ойын ережесін бұзу арқылы тоқтатқан Торрес Вила ескерту алды. Ойын соңына дейін Андорра құрамасының тағы екі ойыншысы дөрекі әрекеті үшін жазаланды. 

Қазақстан құрамасынан гол соғатын мүмкіндік Сұлтан Сағнаев та болды. Оның айып добынан бағыттаған соққысынан кейін алаң иелерінің қақпашысы қақпасын құтқарып қалды. 

Андорра құрамасы ойынды күшейту үшін алаңға екі бірдей ойыншыны  шығарды. Ал, Александр Кузнецов алпыс минут алаңда ойнаған Александр Усачевтың орнына Арыстанбек Мұқашовты тыңнан қосты. Дегенмен, бұл өзгерістер таблодағы көрсеткішті өзгерте алмады. 

Қазақстан құрамасы үш ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға ие болды. Ал, Ирландия футболшылары Грекия құрамасын 1:0 есебімен ұтып, бірінші орынға жайғасты. Екінші орында - Грекия. Ал, алаң иелері Андорра футболшылары соңғы орынға орналасты. 

Еуропа Чемпионаты 2017. Іріктеу турнирі. 2-топ.

Андорра U17 - Қазақстан U17 - 0:2 (0:2)

Голдар: Жақыпбаев 16 - пенальти, Сейдахмет 24

Ескерту: Араужо 21, Вила 47, Виейтес 50, Фернандес 70 - Красноперов 50

Андорра U17: Феррейра, Вилларон (Фернандес 27), Солер, Араужо (Наварро 54), Рамос, да Сильва (Лохан 54), Фарре, Виейтес, Дос Сантос, Гарсия, Вила.

Қазақстан U17: Устименко, Ілиясов, Совет, Шәмші, Сағнаев, Махан, Жақыпбаев, Сейдахмет, Қайыркенов, Усачев (Мұқашов 60), Сидоров.