Қазақстан футбол федерациясы «Хабар» агенттігінің жетекшілерімен кездесті

Қазақстан футбол федерациясы мен «Хабар» агенттігінің жетекшілері серіктестікті дамытудың жолдардын талқылады.

Қазақстан футбол федерациясының Маркетинг және PR қызметі департаментінің директоры Нағи Бақытбеков «Хабар» агенттігі Басқарма төрағасы Алан Ғазизұлы Әжібаев және оның орынбасары Ренат Думанұлы Кертаевты кәсіи мереке – ҚР байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Мереке жыл сайын 28 маусым күні тойланады. Әріптестерге Қазақстан Ұлттық құрамасының жейдесі сыйға тартылды.

Кездесуде алдағы уақыттағы серіктестікті әрі қарай дамыту жолдары мен ортақ жұмыс жоспарлары талқыланды. Қазақстан футбол федерациясы «Хабар» телеарнасында сараптамалық футбол бағдарламасын ашу ұсынысын көтерді.

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының футболды кең насихаттаудағы маңызды рөлін бағаламау мүмкін емес. Телеарналар ірі футбол жарыстары мен шараларды таратудың негізгі құралы саналады.