Елордалық футболшылар «Аймақтар Кубогы - 2018» турнирінде жеңіске жетті

Рудный қаласында футболдан әуесқой командалар арасында «Аймақтар Кубогын - 2018» турниріне аяқталды.

Шешуші ойын күні турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды. Үшінші орын үшін таласта Жамбыл облысының «Игілік» командасы Алматы облысының «Намыс» командасынан 3:2 есебімен басым түсті.

«Игілік»  -  «Намыс» - 3:2 (1:0)

Голдар:  Өтебаев 38, Абдоллаев 49, 63 - Барзукаев - пенальти 52, - пенальти 90

Тартысқа толы финалда елордалық «СДЮСШОР №8» мен  «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» командалары кездесіп, ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Матч соңындағы пенальти сериясында  «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» футболшылары дәлдік танытып, турнир жеңімпазы атанды.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» - «СДЮСШОР №8» - 1:1 (0:1), пен. 6-5

Голдар: Елемесов 53 (автогол) - Исмаилов 20

«Аймақтар Кубогы - 2018» турнирінің қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталды:

Үздік қақпашы - Еламан Төлегенов («Игілік») 

Үздік қорғаушы - Константин Цирюк («Қостанай»)

Үздік жартылай қорғаушы - Владислав Кожедуб («Затоболец»)

Үздік шабуылшы - Дәулет Есбергенов («СДЮСШОР №8»)              

Үздік футболшы - Дидар Сыдықбек  («ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры»)