«Аймақтар Кубогы - 2018» турнирінде финалға шыққандар анықталды

Рудныйда әуесқой командалар арасында республикалық турнирде финалға жолдама алған командалар белгілі болды.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша «А» тобында «Игілік»  (Жамбыл облысы) мен «СДЮСШОР №8» (Астана) командалары, «В» тобында «Намыс» (Алматы облысы) мен «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» (Астана) командалары жартылай финалға өтті.

Алғашқы жартылай финалда «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» футболшылары «Игілік» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Екінші жұпта «СДЮСШОР №8» командасы «Намыстан» айласын асырды – 2:1.

Финалда елорданың екі ұжымы «СДЮСШОР №8» мен  «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» кездеседі.