Ардагерлер футболы комитетінің алғашқы жиыны өтті

Астанада Қазақстан футбол федерациясының қайта құрылған ардагерлер футбол комитетінің алғашқы отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Михаил Чирковтың төрағалығымен және Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі, отандық ардагерлер футболы одағының жетекшісі Сейілда Байшақовтың қатысуымен комитет мүшелері ұйымдастыру сұрақтарын талқылады. Жұмыс жоспарын түзу үшін еліміздің барлық өңірінен ұсыныстар жинауға шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Астананың 20 жылдығына орай елордада және облыс орталықтарында ардагерлер арасында турнир ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.