УЕФА-ның жаттықтырушыларға арналған «А» категориясына тыңдаушылар қабылданады

Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы УЕФА-ның жаттықтырушыларға арналған «А» категориясы бойыншы білім беру бағдарламасына тыңдаушыларды қабылдайды.

Барлық үміткер 2018 жылдың 6 шілдесіне дейін құжаттарды Техникалық орталықтың электронды поштасына жіберуі тиіс – techcentre@kff.kz.

Қабылдау емтихандарының өтетін орны мен мерзімі:

Қабылдау емтихандары 2018 жылдың 18-19 шілде күндері Астана қаласының «Номад» спорт кешенінде өтеді. Мекенжайы: Астана қаласы, Мичурино ықшамауданы, Бастау көшесі, 1/1. Емтихан  сағат 10:00-де басталады.

Қабылдау емтиханының тәртібі:

Футбол теориясы және әдістемесі бойынша сұхбаттасу.

УЕФА-ның «А» категориясының білім курсына қабылданатын жаттықтырушыларға қойылатын талаптар:

1. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім, «Футбол жаттықтырушысы» саласы.

2. Үміткер футбол орталығы, академия, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Премьер-Лига, Бірінші Лига, Екінші Лига клубтарының бірінде жұмыс істеуі тиіс.

3. Курс бойы үміткер тұрақты түрде Қазақстанның футбол құрылымдарында (ең төмен талап – U17 бапкері) қызмет ету міндет.

4. Жаттықтырушылық қызметінің тәжірибесі – кем дегенде 1 жыл.

5. Үміткерде УЕФА-ның «В» лицензиясы болуы шарт.

УЕФА-ның жаттықтырушыларға арналған «А» категориясы бойыншы білім беру бағдарламасының бағасы 800 000 теңге. Бұл сомаға тамақ, қонақүй шығындары, нұсқаушылар, тәлімгерлер және ұстаздардың жалақысы, тәжірибе сабақтары үшін футбол алаңдарын және теориялық сабақтар үшін арнайы сыныптарды жалға алу, тыңдаушылардың киім формасы мен кеңсе керек-жарақтары кіреді.

Анықтама телефоны: +7 (701) 508-70-74