«Жайдарман» жұлдыздары футбол ойнады

«Жайдарман» көңілді тапқыштар клубының командалары арасында «Туған күн - 2018» атты футбол турнирі ұйымдастырылды.

«Қазақстан КВН Одағы» мекемесі өткізді. «Жайдарман» лигасының жұлдыздары бір күн жасыл алаңда доп тепті. Жарысты елорданың 20-жылдығына арналды. Турнирге тоғыз команда қатысып, жеңімпазды анықтады.  

Турнир қорытындысы:

1 орын - «Грант» командасы (Орал)

2 орын - «Тұран» командасы (Астана)

3 орын - «ӨзенМұнайгаз» (Жаңаөзен)

Ұйымдастырушылар турнирдің үздік ойыншысы деп Арсен Нухты таныды. Ал, марапаттау рәсіміне қатысқан Қазақстан футбол федерациясының өкілдері Нұрым Досболовты таңдады.