Прокурорлар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Елорданың 20-жылдығына орай прокурорлар арасында шағын футболдан жарыс аяқталды.

Жарысқа Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің қызметкерлері қатысты. Барлығы 6 команда сынға түсті. Олар – орталық аппарат комитеті, сонымен қатар, Қазақстанның шығыс, солтүстік, батыс, орталық және аймақтарының құрамалары.

Турнир қорытындысы:

1 орын – солтүстік аймақ командасы (Акмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы басқармалары);

2 орын – батыс аймақ командасы (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының басқармалары);

3 орын – оңтүстік аймақ командасы (Алматы қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары).