«Атырау» – «Тобол» матчының бас төрешісі ауысты

Төрелік ету және қадағалау департаменті сырқатына байланысты Александр Алиевтің (Алматы) орнына Бақыт Қызылбаевты (Ақтөбе) тағайындады. Ал, «Ақтөбе» - «Ордабасы» ойынында қосалқы төреші болған Бақыт Қызылбаевтың орнына Юрий Тихонюк (Ақтөбе) тағайындалды.

14 тур

17 маусым

Атырау - Тобыл

Төрешілер: Бақыт Қызылбаев (Ақтөбе), Евгений Бельский (Тараз), Ринат Якбаров (Семей)

Резерв төреші: Анатолий Ходин (Атырау)

Инспектор: Юрий Ярышев (Павлодар)

 

Ақтөбе - Ордабасы

Төрешілер: Сергей Гороховодацкий, Сергей Васютин (екеуі де - Алматы), Дмитрий Белоградов (Павлодар)

Резерв төреші: Юрий Тихонюк (Ақтөбе)

Инспектор: Бағдат Түсеев (Астана)

 

Фото: «Қайрат» ФК баспасөз қызметі