«Футбол сабағы» мен «Мектеп лигасы» жобалары талқыланды

Қазақстан Респбуликасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының кеңсесінде педагогикалық құрамның және Қазақстан футбол федерациясының өкілдерінің қатысуымен жұмыс жиыны өтті.

Басқосуға қатысқандардың арасында Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, орта мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының ұстаздары, Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының директоры Садық Мұстафаев болды.

Жиында Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы аясында өтетін «Футбол сабағы» мен «Мектеп лигасы» жобалары арқылы футболға келген балаларды тіркеу және мәліметтер базасын жасақтау бойынша жұмыстарды белсендіру сұрақтары көтерілді.