Қазақ футболының ардагері - Өмірбек Бекбосынов

10 маусым күні Қазақ футболының ардагері Өмірбек Рақымжанұлы Бекбосынов 80 жасқа толды.

Өмірбек Рақымжанұлының балалық шағы соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі уақытта өтті. Алматы сол жылдары ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің орталығына айналды. Спорт жарыстарына да баса назар аударылды.

«Спартак» стадионының саябағынада үнемі футбол жарыстары өтті. Жас футболшы Өмірбек Бекбосыновтың алғашқы табысы дәл сол алматылық «Спартакпен» байланысты болды. 1957 жылы команданы «Қайрат» сапында ойнаған Владимир Алексеевич Котляров жаттықтырды. Танымал бапкер Қазақ ССР-нің еңбегі сіңірген жаттықтырушысы атағын алғашқыдардың бірі болып алды.

Оның командасы Қазақ ССР Кубогында жеңіске жетті. 26 тамыз күні Алматыда өткен финалдық кездесуде Котляров шәкірттері «Металлург» (Ақтөбе) командасын 9:3 есебімен ұтты. Өмірбекпен жеңіс тойын Борис Лях, Болат Ишанов, Владимир Кондратенко, Кеңес Төлемісов, Геннадий Костюченко, Николай Триандофолиди, Геннадий Земляков және басқалары бірге тойлады.

Сол себепті алматылық «Спартак» базасында Қазақ ССР құрамасы құрылды. Команда бір айдан кейін Орта Азия елдерінің спартакиасында топ жарды. «Спартак» сол уақытта дене шынықтыру ұжымдары арасында алғашқы КСРО Кубогына да қатысты. Алматылық ұжым жартылай финалда Одессаның армияшыларынан 2:0 есебімен басым түсіп, финалда «Металлург» (Сталинград) командасын 3:2 есебімен жеңді.

«Спартактың» жастарының ойынына «Қайраттың» жаттықтырушылар штабы назар аударды. Бапкер Петр Григорьевич Зенкин Финляндияның Вааса қаласының ВПС командасымен өткен алғақы халықаралық кездесуге Болат Ишанов пен Өмірбек Бекбосыновты шақырды. Суоми елінің футболшыларына сабақ үйреткен «Қайрат» командасы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы халықаралық кезедсу. «Қайрат» - «Вааса» (Финляндия). 31 қазан 1957 жыл.

Өмірбек сол ойында досы Болат Ишановтың алаңғы шыққанына қатты қуанды. Ол Борис Леоновты ауыстырған болатын. Ал, өзі ойынды қосалқы құрамдағы футболшылардың қатарында тамашалады. Еш қаймықпай өзіне де мүмкіндік берілетініне сенді.

1958 жылды «Спартак» сапындағы командаластары Костюченко, Ишанов, Төлемісов, Мазманидимен бірге «Қайраттың» сапында қарсы алды.

«Қайрат» үшін жастардың көмегі зор болды. Жас футболшыларың ойыны чемпионатты жақсы бастауға көмектесті. 19 жастағы Өмірбек Бекбосынов қорғаныста тайсалмай ойнады. Арасында Борис Каретников, Владимир Мороз, Борис Еркович сынды тәжірибелі футболшыларды алмастырып отырды.

27 сәуір күні «Қайрат» өз алаңында Уфаның «Девон» командасын қабылдады. Ең ауыр ойындардың бірі болды. Бірінші минутта-ақ қарсыластарын «Қайраттың» қорғанысын бұзып, есеп ашты. Үзіліске дейін Бория Леонов пен Владимир Болотовтың тура соққыларының арқасында «Қайрат» алға шықты. Көп күш жұмсалған кездесуде жеңісті есепті сақтап қалу маңыздырақ болды. Екінші таймда Александр Межовтің орнына жасыл алаңға Өмірбек Бекбосынов шығып, тапсырманы орындады.

«Қайрат» сол жылы «Б» класының бесінші аймағында 16 команданың ішінде 2 орынға ие болды. 20 ойында жеңіске жетіп, қарсыластарының қақпасына 62 гол соқты. Қазақстандық футболшылар «Локомотив» (Челябинск), «Машиностроитель» (Свердловск) командалары мен ең басты бәсекелесі «Пахтакордан» (Ташкент) басым түсті.

Жастық пен шеберлікті біріктірген Өмірбек Бекбосынов, Болат Ишанов, Владимир Иванушкин, Кеңес Төлемісов сынды жастардың арқасында 60-жылдардағы аңызға айналған «Қайраттың» ойынының кепілі болды. Осы футболшылар салған сара жолдың арқасында «Қайрат» екі жылдан кейін мықтылардың қатарына қосылды.

 «Қайрат» ойыны. 50-жылдардағы алматылық «Спартак» стадионы.

Футболшылар 1958 жылдың тамызында ашылған жаңа Орталық стадионның ашылу рәсіміне қатысты. Сол сәттен бастап стадион ұзақ жылдар бойы «Қайраттың» өз алаңына айналды. 1959 жылғы маусымда Өмірбек Бекбосынов қарағандылық «Шахтер» сапында ойнады. Жаттықтырушылар сол жақ қорғанысы сеніп тапсырды. Ол жиырма бес ойынды тоқсан минуттан ойнап шықты.

Футболшы спорт ғұмырын 60-жылдардың ортасында жамбылдық «Металлист» сапында аяқтады. Кейін балалар мен жасөспірімдер футболыгың жаттықтырушысы болып еңбек етті.