Рауан Орынбасар: «Қазақстан жастар құрамасына U-21 лайықты қарсылық көрсетуге тырысамыз»

20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының және талдықорғандық «Жетісу Б» командасының 20 жастағы қорғаушысы Рауан Орынбасар Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында оқу-жаттығу жиыны туралы айтып берді.  

– Оқу-жаттығу жиыны қалай өтіп жатыр?

– Оқу-жаттығу жиынында барлығы жақсы. Көңіл-күйіміз көтеріңкі. Дайындық жемісін береді деп ойлаймын.

– 20 жастағы Қазақстан жастар құрамасының селекциялық жиыны алғаш рет өткізіліп отыр. Сенің ойың қандай?

– Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына көрсетуге мүмкіндіктері бар. Ойыншыларды Астанада жинағаны көңіл қуантады. Ойында барымызды көрсетіп, келесі маусымда жастар құрамасының қатарына іліуге тырысамыз.

– Ертең Қазақстан жастар құрамасымен U-21 жолдастық матч өткізесіздер. Ойынға дайындық қалай?

– Өте қызықты матч болады деп есептеймін. Жасыл алаңда лайықты қарсылық көрсетіп, дәлелдеуге тырысамыз.