20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының ойыншылар тізімі

Сіздердің назарларыңызға 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының ойыншылар тізімін ұсынамыз.

Естеріңізге сала кетейік, аталған құрамаға жасы 1998 жылдан төмен Бірінші Лига командаларында өнер көрсететін ойыншылар шақырылды. Футболшылар Астана қаласында жиналып, селекциялық жиын және 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізу жоспарланып отыр.   

20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасын күшейту мақсатында 21 жасқа дейінгі құрамадан бұл командаға үш ойыншы ауыстырылды. Олар – жартылай қорғаушылар Наурызбек Жагоров және Геворг Наджарян, шабуылшы Оралхан Өміртаев. Наджарян мен Өміртаев қарағандылық «Шахтер» сапында Премьер-лигада ойнайтынын айта кетейік.         

20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы:

Қақапашылар: Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Илья Сотник («Екібастұз»);

Қорғаушылар: Санжар Батырханов, Рауан Орынбасар, Дінмұхаммед Қашкен (барлығы - «Жетісу Б»), Елжас Сарбай («Байқоңыр»), Нияз Ідірісов («Окжетпес»), Ернұр Құсайынов («Екібастұз»);

Жартылай қорғаушылар: Әділет Болатов («Ақжайық»), Наурызбек Жагоров, Мұхит Жақсылық (екеуіде «Оқжетпестен»), Думан Тұрсынбай («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Айдос Орал («Шахтер»), Ислам Нартбаев («Екібастұз»);

Шабуылшылар: Жандос Солтан («Алтай»), Оркен Махан («Байқоңыр»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»);

Қазақстан U-21 - Қазақстан U-20 ойыны 8 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы - 15:00. Ойынға кіру тегін.