Оралда балалар арасында футбол турнирі ұйымдастырылды

1-5 маусым аралығында Оралдың құрметті азаматы П.Атоян атындағы турнир өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының 8 командасы қатысты. Марапаттау рәсіміне футбол ардагерлері қатысты.

Турнир қорытындысы:

1 орын - «Ақжайық-2007» (2);

2 орын - «Ақжайық-2007» (1);

3 орын - Ақсай қаласы.

Жекелей номинациялар:

Үздік қақпашы – Абиболла Мансұров, Ақсай қаласы;

Үздік қорғаушы – Тамерлан Елтаев, «Ақжайық-2007» (1);

Үздік жартылай қорғаушы – Ратмир Балмұратов, «Сырым» ФК;

Үздік шабуылшы – Дихнат Шафих, «Ақжайық-2007» (2);

Үздік сұрмерген – Мирлан Ғабидолла, «Ақжайық-2007» (1).