Қазақстан футбол федерациясының Халықаралық комитеті өз жұмысын бастады

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының Халықаралық байланыс комитетінің мүшелері бас қосты.

Комитет төрағасы – Қайрат Боранбаев, оның орынбасары – Тоғжан Шанина. Комитет мүшелері – Арман Бекшин, Батырхан Смайлов және Уәлихан Байтақов.

Жиынға қатысушылар жылдың соңына дейін алға қойған мақсаттары мен міндеттерін анықтады. Сонымен қатар, комитет мүшелері жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.