Қазақстан – Армения матчының төрешісі Әзірбайжанмен өтетін ойында төрелік етеді

Қазақстан мен Әзірбайжан ұлттық құрамаларының жолдастық матчына тағайындалған төрешілер тобы белгілі болды.

Бас төрешінің міндетін молдовалық маман Александр Тян атқарады. Оның отандастары Андрей Бодян мен Виктор Мардари қос қапталдан көмектеседі. Қосалқы төреші — Дмитрий Мунтян (Молдова).

Айта кетейік, 2017 жылы Александр Тян бастаған молдовалық төрешілер тобы 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Армения құрамалары арасындағы ойында қызмет атқарған болатын. Сол кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ - 1:1.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан матчы 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч 20:00-де басталады. Билеттер Ticketon.kz сайтында.