Төрешілер комитетінің отырысы өтті

Бүгін Астанада Төрешілер комитетінің онлайн-конференциясы ұйымдастырылды. 

Конференцияға Төрешілер комитетінің төрағасы Сейілда Байшақов, төрағаның орынбасарлары Сергей Кенетаев пен Эдыген Юмашев, комитет мүшелері Сергей Цареградский, Геннадий Жуковский, Юрий Ярышев, Николай Бублинский, Александр Горда, Павел Салий қатысты. 

Жиында Төрешілер комитетінің тұрақты комиссияларының төрағалары, «Таланттар және Ұстаздар» бағдарламасының қатысушыларының тізімі бекітілді. 

Сонымен қатар, аймақтардағы жас төрешілер мектебінің жұмысы мен оның материалдық-техникалық базасы талқыланды.