Юрий Тихонюк  Еуропа Чемпионатының финалдық матчтарында төрелік етті

ФИФА төрешісінің көмекшісі Юрий Тихонюк 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Еуропа Чемпионатының финалдық матчтарында қызмет атқарды.

17 жасқа дейінгі 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңі 4-20 мамыр аралығында Англияда өтті. Шешуші бәсекеге Англия, Италия, Португалия, Испания, Голландия, Германия, Сербия және басқа да елдер қатысты.

Англияда өткен жарыста ақтөбелік төреші топтық кезеңнің төрт ойынында қызмет атқарды: Швеция U-17 - Португалия U-17 (1:0), Англия U-17 – Италия U-17 (2:1), Дания U-17 - Босния және Герцеговина U-17 (2:3), Голландия U-17 – Испания U-17 (2:0).

Финалда Италия құрамасымен кездесіп, матч соңындағы пенальти сериясында жеңіске жеткен Голландия құрамасы турнир жеңімпазы атанды.