Николай Левников: ҚР Кубогының финалында қызмет атқарған төрешілер өз жұмысын 100 пайызға орындады

ҚФФ-ның Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Николай Левников ҚР Кубогының финалындағы «Қайрат» – «Атырау» матчында қызмет атқарған төрешілер бригадасының жұмысын қорытындалады.

Футбол мен ондағы төрешілік тақырыбын қозғап жүрген кейбір қазақстандық баспасөз өкілдері қойған сұрақтарға ешқашан жауап бермейтін едім. Алайда осы жолы Кубоктың финалында жұмыс істеген білікті мамандар туралы бір-екі сөз айтпай кетпей болмас.

Біріншіден, Артем Кучин бастаған төрешілер бригадасын құттықтағым келеді. Олар матч төрелігін заманауи мәнерде және жоғары еуропалық деңгейде атқарып шықты. Осылайша олар елімізде төрешіліктің жақсы мектебі қалыптасқанын көрсетіп, өздерін тәуелсіз әрі жауапкершілігі мол маман ретінде дәледей білді. Жігіттер өз мамандығын өте қатты қадірлейді. Осыған қоса, төрешілер заң мүддесін қорғайды әрі елімізде қалыптасқан дәстүрді құрметтейді. Сондықтан кейде ойыншылардың ғана емес, жанкүйерлердің да кейбір әрекеттері әдепсіз саналады. Шетелдік футболшылар мұны естен шығармау керек.

Мен қазақстандық футболды, Қазақстан футбол федерациясын, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасын, «Қайрат» пен «Атырау» клубтарын осындай керемет финалдық ойын ұйымдастырғанымен құттықтаймын! «Қайрат» жеңіске лайықты болды, дегенмен «Атырау» да финалға бекер шықпағанын дәлелдеді. Мұндай матчта төрешінің ойын барысына қатты араласпай, алаңда бар екені байқалмағаны маңызды болды. Олар екі командаға да ойнауға мүмкіндік беріп, барлық ережелерді қадағалап отырды. Төрешілер шығарған әр шешім футболға кедергі келтірмей, барлық талапқа сай болды. 

Мен өзім де осындайдан өткенмін. Кезінде Ресей Кубогының финалында, Еуропа Суперкубогында қызмет атқарған едім. Бірнеше рет Ресей Кубогының шешуші матчтарында және Еуропа Лигасының ойындарында қадағалаушы болып та жұмыс істедім. Бұл мол жауапкершілік Сондықтан жігіттерді жақсы түсінемін. Олар өз жұмысын 100 пайызға орындады!

Финалдық ойында жақсы жұмыс істеген төрешілер бригадасын тағы бір құттықтаймын!

ҚФФ-ның Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры

Николай Левников