Қазақстан U21 оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынының соңғы ойынында австриялық СК «Форвертс Штайр» футбол клубымен кездесті.

Матч 2:1 есебімен аяқталды. Біздің құраманың сапынан Дидар Жалмұқан мен Әлібек Қасым гол соқты.

Қазақстан жастар құрамасының сапында алаңға шыққан футболшылар:

Бірінші тайм: Бұсырманов, Шадманов, Мәжитов, Сұлтанов, Соколенко, Әбікен, Люхай, Наджарян, Антипов, Жалмұқан, Федин.

Екінші тайм: Закиров, Қасым, Әбілғазы, Зайнутдинов, Кеңесбек, Сламбеков, Леньков, Перцух, Гладченко, Өміртаев, Қабылан.