Қазақстан U21 мен "Ростов U21" матчындағы голдардың видеосы

Ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы есепті Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дәурен Мәжитов ашты. 

Екінші таймда Оралхан Өміртаев есепті еселей түсті. Ол Рифат Нұрмағамбеттің өкшесімен берген пасын голға айналдырды. 

Матч соңында "Ростов U21" футболшылары есеп айырмасын қысқартты.