Қазақстан U21 құрамасы австриялық клубпен ойнайды

Матч Астана уақытымен 17:00-ге жоспарланған.

Бүгін, 23 ақпан күні футболдан Қазақстан жастар құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында австриялық СК «Форвертс Штайр» клубының негізгі құрамымен кездеседі.

СК «Форвертс Штайр» клубы 1919 жылы құрылған. 2011 жылдан бастап Австрия футбол лигасының үшінші дивизионының Аймақтық Лигасында (Орталық) ойнайды.

Матч Астана уақытымен 17:00-ге жоспарланған.

Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынында бұған дейін екі жолдастық матч өткізген болатын. Алдымен ресейлік «Оренбург» (0:0) клубының жастарымен тең түссе, екінші ойында «Ростов U21»  (2:1) командасын ұтты.