Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде екі сатыға көтерілді

Талғат Байсуфиновте жаттығатын жігіттер енді әлемдік тізімде 96-орында.

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығының (FIFA) жаңартылған рейтингісінде екі сатыға көтерілді. Талғат Байсуфиновте жаттығатын жігіттер енді әлемдік тізімде 96-орында.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы қаңтар айында ресми кездесу өткізген жоқ. Жаңа маусымдағы алғашқы ойын 22 наурыз күні өтеді. Біздің құрама Никосияда жергілікті Кипр футболшыларымен жолдастық матч ойнайды. 26 наурыз күні Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Арменияға барады.

Қазақстан құрамасының іріктеу тобындағы қарсыластарының ішінде Польша құрамасы бір орынға жоғары көтерілсе, Черногория бір сатыға төмендеді. Дания мен Румыния құрамаларының да көрсеткіштері төмендеді. Армения болса керісінше төрт орынға алға жылжыды.
ФИФА кезекті рейтингісі 9 наурызда жарияланады.

FIFA рейтингісі. 9 ақпан, 2017 жыл:

1 (1). Аргентина — 1635 ұпай.
2 (2). Бразилия — 1529,
3 (3). Германия —1433,
4 (4). Чили — 1386,
5 (5). Бельгия — 1371,
6 (6). Франция — 1313,
7 (7). Колумбия — 1304,
8 (8). Португалия — 1240,
9 (9). Уругвай — 1195,
10 (10). Испания — 1168,
**
14 (15) Польша -1101,
40 (38) Румыния - 688,
49 (47) Дания - 643,
64 (63)  Черногория - 549,
82 (86) Армения – 412,
96 (98). Қазақстан – 352.