` Антон Шохты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Антон Шохты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Фото: www.kff.kz

16.06.2015, 12:08

4946

0

Тараз қаласында Қазақстан футбол федерациясы мен «Таразхиммонтаж» ЖШС бірігіп,  2004 жылғы жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Шох Антон Рохусовичті еске алуға арналған халықаралық турнир өткізді. 

Турнирге Қазақстан мен Қырғызстанның 12 командасы қатысты. Ойын нәтижесі бойынша командалар келесі орындарға жайғасты: 

1. РСДЮШОР, Бішкек қ. (Қырғызстан)

2. СДЮШОР №7, Шымкент қ. (Қазақстан)

3. «Дордой» ФК, Бішкек қ. (Қырғызстан)

4. «Абдыш-Ата» ФК, Қант қ. (Қырғызстан)

5. ОСДЮСШОР №5, Тараз қ. (Қазақстан)

6. ОСДЮШОР, Шымкент қ. (Қазақстан

7. «Қайрат» ФК, Алматы қ. (Қазақстан)

8. ОСДЮСШ, Талдықорған (Қазақстан)

9. «Монтажник» ФК,  Тараз қ. (Қазақстан)

10. «Тараз» ФК, Тараз қ. (Қазақстан)

11. «Алға», Бішкек қ. (Қырғызстан)

12. ДЮСШ №4, Екібастұз (Қазақстан)

 

Турнирдің үздік ойыншылары: 

Қақпашы – Әлсейітов Тимур,  РСДЮШОР, Бішкек қ. (Қырғызстан)

Қорғаушы – Бөрлібай Рауан «Монтажник», Тараз қ. (Қазақстан)

Жартылай қорғаушы – Рахманқұл Әлихан, СДЮШОР №7, Шымкент қ. (Қазақстан)

Шабуылшы – Темірғали Әмір,  «Қайрат» ФК, Алматы қ. (Қазақстан)

Сұрмерген – Толобаев Әділет, «Дордой» ФК, Бішкек қ. (Қырғызстан)

Үздік ойыншы – Теміров Дамир, «Монтажник», Тараз қ. (Қазақстан)

 

Жүлдеге ілінген командалар кубок, медаль және дипломдармен марапатталды. Ал, турнирдің үздік ойыншыларына бағал сыйлықтар табыс етілді.  Турнирге қатысушылардың барлығы демеушілер тарапынан сыйлықтарға ие болды. Марапаттау рәсіміне ҚФФ вице-президенті Байшақов С.И. мен  «Таразхиммонтаж» ЖШС бас директоры Хутиди Г.П. қатысты. 

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру