` Астанада Атқарушы комитеттің кезектен тыс отырысы өтті

Астанада Атқарушы комитеттің кезектен тыс отырысы өтті

03.02.2017, 18:39

414

0

Бүгін Қазақстан Кәсіби футбол лигасының ұсынысы бойынша Қазақстан футбол Федерациясының кезектен тыс жиыны өткізілді. Онда келесі шешімдер қабылданды:

1. Төрешілер комитетінің қызметін реттейтін құжаттар бекітілді.

2. Сертификация бойынша Комиссияның және сертификация бойынша Шағым комиссиясының құрамы бекітілді.

3.  Алматы қ. ҚФФ Өкілдігінің Филиал ретінде қалыптасуы туралы шешім қабылданды.

4. «Оңтүстік» футбол Академиясын Оңтүстік Қазақстан облысының қарамағына беру туралы келісім бекітілді.

5. «Алтай» футбол клубының сертификация жүйесіне қатысты ерекше шешім қолдану туралы өтініші қарастырылды.

Нәтижесінде Атқарушы комитет сертификация жүйесін қолдануға рұқсат бермей, «Алтай» футбол клубы Чемпионат қатысушылары құрамынан шығарылды. Аталған клуб сертификация шарттарын орындамады (клубтар арасындағы Екінші Лиганың Біріншілігіне қатысу үшін заңды тұлғаның құрамында футбол орталығы мен жастар командасы болуы керек және аймақтық футбол федерациясында 3 жылдық мүшелігі жоқ). Босаған орынға Чемпионаттың ережелеріне сай 2016 жылдың маусымында «өтпелі» кезеңге қатысқан «Тараз» футбол клубы бекітілді.

6. Премьер-Лига клубтары арасындағы Чемпионаттың, Бірінші және Екінші Лигалардың клуб/командалар арасындағы Біріншіліктің қатысушылар құрамы бекітілді.

2017 жылдың маусымындағы кәсіби футбол клубтар арасында өтетін жарыстардың тәртібі бекітілді (Чемпионат, Бірінші және Екінші Лига клуб/командаларының арасындағы Біріншілік, ҚР Кубогы).

2017 жылдың маусымындағы кәсіби футбол клубтар арасында өтетін жарыстарының күнтізбелері бекітілді  (Чемпионат, Бірінші клуб/командаларының арасындағы Біріншілік).

Ұқсас жаңалықтар

  • Жалпыұлттық футбол форумы тікелей эфирде көрсетіледі

    02.08.2016, 13:12

    1161

    0

    3 тамыз күні Астана қаласында «Рэдиссон» қонақүйінде өтетін Жалпыұлттық футбол форумының тікелей көрсетілімін Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты (www.kff.kz) қарай аласыздар! Трансляция Астана уақыты бойынша 13:55-де басталады.

  • Руслан Балтиев: Екі алтылыққа бөліну жүйесінен бас тарту - дұрыс шешім

    03.04.2015, 15:02

    1635

    0

    «Қайсар» футбол клубының директоры, бұрынғы футболшы Руслан Балтиев бірінші лига мен премьер-лиганың келесі маусымында енгізілетін өзгерістер жөнінде пікірін білдірді.

  • Балаларға арналған «Футбол Жолы»

    02.08.2016, 9:57

    908

    0

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов «Футбол жолы 2026» стратегиясының жобасын таныстырды. Жоба Астана қаласының әкімдігімен бірге жүзеге асырылды. Шараға шаһар басшысы Әсет Исекешев қатысты.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру