` Қызылордада Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған турнир өтті

Қызылордада Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған турнир өтті

03.02.2017, 12:22

373

0

Қызылордада Сыр футболының аңызы Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған ардагерлер арасындағы футзалдан төртінші республикалық турнир өз мәресіне жетті. 

Әбіл Қалымбетов Қызылорданың «Орбита», «Мелиоратор», «Қайсар» клубтарының сапында 21 маусым ойнады. Осы уақыт аралығында ол 683 матчқа қатысқан. Кейін команданың басшысы, бас бапкер және спорт директоры қызметтерін атқарды. 

Жуырда өткен турнирге 12 команда қатысты. Жергілікті ұжымдардан басқа ойынға қатысу үшін Атырау, Шымкент және Байқоңыр қалаларынан да ардагер футболшылар келді. Бұл күні Әбіл Қалымбетовпен бірге ойнаған Пернебай Кенжебаев, Қадыр Ибрагимов, Александр Морозов, Алексей Тен, Марат Сәрсенов және тағы басқа футболшылар алаңға шықты.

Финалда «Петро Қазақстан» командасын 5:2 есебімен жеңген «Ардагер» командасы бірінші орынға шықты. Үшінші орын үшін өткен тартыста «Инфракос» командасы «Қайсардан» басым түсті.

Ұқсас жаңалықтар

  • Алматыда ардагерлер арасында халықаралық турнир өтті

    10.07.2015, 15:33

    2051

    0

    Астана күніне арналған футболдан ардагерлер арасындағы халықаралық турнир Қырғызстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

  • Құттықтаймыз!

    08.08.2015, 14:20

    1366

    0

    Қазақстан футбол федерациясының ұжымы қазақ футболының ардагері Михаил Гурманды туған күнімен құттықтайды!

  • Таразда қазақ футболының ардагерлері марапатталды

    25.12.2016, 12:18

    497

    0

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов Тараз қаласында футбол ардагерлерімен кездесіп, оларды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, алғыс хат және естелік сыйлықтарымен марапаттады.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру