` Әуесқойлар арасындағы футзалдан ҚР І Чемпионаты аяқталды

Әуесқойлар арасындағы футзалдан ҚР І Чемпионаты аяқталды

03.02.2017, 12:12

258

0

27-29 қаңтар күндері Астанада әуесқойлар арасында өткен футзалдан ҚР І Чемпионаты аяқталды.

Турнирге Астана, Алматы, Павлодар, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды, Теміртау, Орал, Көкшетау, Семей, Ақтөбе қалалары мен Ақмола облысынан жалпы 16 команда қатысты.

Чемпионат екі кезеңнен құралды. Бірінші кезең – топтық, екінші кезең – плей-офф. Барлық қатысушы төрт топқа бөліп, әр топтан ең жақсы нәтиже көрсеткен екі команда плей-оффқа шықты.

Қатысушылар тартысты ойын көрсете білді. 2016 жылы әуесқойлар арасында мини-футболдан Еуропа Чемпионатының жеңімпазы болған «Есіл» командасы жарыс жолынан шығып қалды.

Чемпионат қорытындысы бойынша қарағандылық «Next-O» командасы қола жүлдеге ие болды. Жарыстың күміс жүлдесі елордалық «Бiрлiк» командасына бұйырды. Финалда «Бiрлiк» командасыннан 4:1 есебімен басым түскен астаналық «Сайран» командасы ел чемпионы атанды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру