` Сертификация ережелерін орындамаған жағдайда «Алтай» футбол клубына санкция қолданылады

Сертификация ережелерін орындамаған жағдайда «Алтай» футбол клубына санкция қолданылады

Фото: www.kff.kz

03.02.2017, 11:38

240

0

2017 жылдың 2 ақпан күні Астанада Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің Ортақ жиналысы Лига кеңесі өтті. Шарада ойын күнтізбесі, командалардың саны және сертификация бойынша негізгі мәселелер талқыланды.

Соның ішінде «Алтай» футбол клубының сертификация ережелеріне сәйкес келуі мәселесі де қарастырылды.

Сертификация талабына сәйкес, Премьер-Лигаға қатысатын командалардың құрылымында балалар мен жасөспірімдер және жастар футболын заңды тұлғаның ішінде оқшауландырылған бөлімше болуы тиіс.

Сонымен қатар, Екінші лига жарыстарын өткізу ережесіне сай, Премьер-Лиганың барлық клубтарының Екінші лигада жастар командасы болуы шарт.

«Алтай» футбол клубына сертификация талаптарын орындау жөнінде бірнеше рет ескерту жасалды. Кейін «Алтай» футбол клубы сертификация ережесінде бұл мәселеге қатысты ерекше шешім қабылдау жөнінде ұсыныс жасады.

Бұл мәселе Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысында қаралады. 

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру