` Ресми хабарлама

Ресми хабарлама

Фото: www.kff.kz

02.02.2017, 17:25

492

0

«Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы»  заңды тұлғалар бірлестігіне «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдердің қазақстандық лигасынан хат келіп түсті. Онда құрылтайшылар құрамынан шығу туралы жазылған.

Хатта бұл жеке мекеменің бастамасына Қазақстан футбол федерациясы қолдау білдірмегені айтылады.

Сол себепті хабарлаймыз:

1. «Жас Қыран» өкілдері қазіргі басшылыққа ешқандай ұсыныс жасаған жоқ;

2. Қазақстан футбол федерациясының негізгі міндеттерінің бірі - балалар және жасөспірімдер футболын дамыту және қолдау. Барлық турнирлер бекітілген кестеге сай өткізілді және өткізіледі. Хатта көрсетілген балалар мен жасөспірімдер турнирлері де жиі ұйымдастырылуда. Олардың барлығы Қазақстан футбол федерациясымен және аймақтық футбол федерацияларымен қаржыландырылады.

3. «ЖҚБЖҚЛҚ» ЗТБ-нің құрылтайшылар құрамынан шығу туралы шешімі Қазақстан футбол федерациясының кезекті конференциясында қарастырылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру