` Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Фото: www.kff.kz

26.01.2017, 15:00

240

0

Швейцарияның Ньон қаласында жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан жастар құрамасы тоғызыншы топқа түсті. Біздің қарсыластар - Франция, Словения, Черногория, Болгария және Люксембург.

Іріктеу тобының тоғыз жеңімпазы Италияда өтетін финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал, екінші орын алған төрт үздік команда өзара екі жолдаманы сарапқа салады. 

Іріктеу турнирі наурыз айында басталады. 

Жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу тобы: 

1-топ: Чехия, Хорватия, Грекия, Молдова, Беларусь, Сан-Марино

2-топ: Испания, Словакия, Исландия, Албания, Эстония, Солтүстік Ирландия

3-топ: Дания, Польша, Финляндия, Грузия, Литва, Фарер аралдары

4-топ: Англия, Нидерланд, Украина, Шотландия, Латвия, Андорра

5-топ: Германия, Израиль, Норвегия, Ирландия,Әзірбайжан, Косово

6-топ: Швеция, Бельгия, Түркия, Венгрия, Кипр, Мальта

7-топ: Сербия, Австрия, Ресей, Македония, Армения, Гибралтар

8-топ: Португалия, Швейцария, Румыния, Уэльс, Босния және Герцеговина, Лихтенштейн

9-топ: Франция, Словения, Черногория, Болгария, Қазақстан, Люксембург

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру