` Қаныш Әубәкіров: Гранаткин Мемориалының күмісі – жасөспірімдер құрамасының үлкен табысы

Қаныш Әубәкіров: Гранаткин Мемориалының күмісі – жасөспірімдер құрамасының үлкен табысы

25.01.2017, 17:31

440

0

- Біздің жасөспірім футболшылар турнир бойы үйлесімді ойын көрсетіп, финалға шықты. Бірінші орын үшін өткен кездесуде командамыздың көрсеткен ойыны да жақсы болды. Жас өрендер біздің жақсы ойыншыларды дайындап жатқанымызды көрсетті. Біздің мақсатымыз зор. Әлемнің мықты командаларымен күшімізді теңестіру. Бұл үшін федерация біздің балалардың бәсекелестігін көтеруге бағытталан жұмысты жүргізуде. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатарында ең үздік балалар қабылданған. Олардың әрқайсысы өз елінің нағыз патриоты.

Федерацияның басты міндеті - балаларды жасөспірімдер құрамасынан ұлттық құрамаға жеткізу. Клубтарда қосалқы құрамда отырып өз шеберліктерін жоғалтып алуға жол бермеу.

Жасөспірімдер құрамасының Гранаткин Мемориалының финалына шығуы ең алдымен жаттықтырушылар штабы мен федерацияның құрама командалар департаментінің үйлесімді жұмысы. Балалар үшін бұл жарқын жеңістер мен жаңа жетістіктерге шығуға жасалған нық қадам.  

Жасөспірімдер құрамасында біз сенім артқан екі ойыншының болмауына қарамастан, біздің футболшылар жоғары деңгейде ойнады. Біздің команданың капитанын турнирдің қызған шағында клубтың оқу-жаттығу жиынына шақырып алғаны Қазақстан жасөспірімдер құрамасының финалға шығуына кедергі бола алмады.

Ел намысын қорғау жас футболшы үшін де, клуб үшін де үлкен абырой екенін клубтар түсінуі өте маңызды. Бұл жасөспірімдер құрамасына да қатысты. Дәл осындай турнирде жас футболшылардың шеберлігін шыңдайды.

Федерация оқу-жаттығу жиынына футболшылардың қатысуын қамтамасыз етпеген тұлғаларға және құрама командалардың әрі қарай турнирлерге қатысуына байланысты тиісті шаралар қолданады.

Федерация Гранаткин Мемориалына қатысқан балалардың барлығына спорт шеберлігіне үміткер атағын беру туралы өтініш беруге ниетті. Алда үлкен жоспарлар мен биік мақсаттар бар. Біз үшін кәсіби қабілет пен шеберлікті байқау үшін бірде-бір халықаралық жарысты өткізіп алмау маңызды. 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру