` ҚФФ вице-президенті 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасына қатысты

ҚФФ вице-президенті 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасына қатысты

25.01.2017, 14:54

198

0

Бүгін Астанада 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың алауы жағылды. Алау көтерушілердің әрқайсысы шамамен 200 метрді жүгіріп өтеді. 

Осы шараға жастар футболының атынан Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Азамат Айтхожин қатысты. Ол өз қашықтығын жүгіріп, алауды танымал спортшы, Олимпиаданың бірнеше дүркін жүлдегері Гүзел Манюроваға тапсырды.

Эстафета екі кезеңге бөлінеді және алауды Астананың орталық көшелерімен 12 шақырым жер алып өтеді. Бірінші кезең «Бәйтерек» монументі алдында аяқталады. Екінші кезеңде алау республикалық штаб өкілдеріне тапсырылады да, әуе рейсімен Алматыға жеткізіледі. 

28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап, 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

  • Қазақстан төрешілері Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде

    16.02.2015, 9:00

    1161

    0

    Қазақстан Премьер-Лигасының төрешілері Түркияда 10-20 ақпан аралығына жоспарланған оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

  • Атқарушы комитеттің отырысы өтті

    28.10.2016, 12:20

    472

    0

    Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің өткен отырысында Президент Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлының өз еркімен қызметінен кетуі келісілді және бұл сауалды бекіту кезектен тыс сайлау конференциясына беріледі. Конференция 2016 жылдың 28 қарашасында Астана қаласында өтеді.

  • 3 тамыз күні Астанада Жалпыұлттық футбол форумы өтті

    05.08.2016, 10:30

    835

    0

    Шараны Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырды. Форум аясында Қазақстан футболын дамыту стратегиясы - «Футбол жолы 2026» жобасы талқыланды. Шара ұйымның ресми сайтында тікелей эфирде көрсетілді. Үш мыңнан астам адам бірнеше сағатқа созылған шараны онлайн арқылы қарады.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру