` Айдос Орал: Марапатты мен алғаныммен...

Айдос Орал: Марапатты мен алғаныммен...

Фото: granatkin.com

23.01.2017, 11:30

475

0

Ресейдің Петербор қаласында жасөспірімдер арасында өткен Гранаткин мемориалы турнирінде Қазақстанның он тоғыз жасқа дейінгі футболшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Финалда Ресейге 0:1 есебімен есе жіберген ұжым матч соңында күміс жүлде иеленді. Тіпті турнирдің үздік шабуылшысы атағын тараздық Е. Сейдахмет жеңіп алса, ең үздік жартылай қорғаушы болып қарағандылық «Шахтердың» өрені Айдос Орал танылды. Осы орайда Айдосты азды-кем әңгімеге тартқан едік.

 — Айдос, жеңіс құтты болсын! Үздік жартылай қорғаушы атандың. Жеңіске деген жігер, ойынға деген құштарлық қайдан келді?

— Рахмет! Күміс жүлде қуантты, жеке марапатты мен алғаныммен, құрамада өте жақсы ойыншылар жиналған, олар бәріне лайық дер едім.

— Бапкер финалдық ойында қандай нұсқау берді. Ресейліктермен терезесі тең ойын көрсеттіңдер…

— Нұсқау туралы бапкердің өзінен сұрағаныңыз абзал. Оның айтқандарын сыртқа шығаруға болмайды.

— Жеңімпаз атануға не жетпеді?
— Жеңіске жетуге мүмкіндік болды. Дегенмен, Ресеймен кездескенге дейін Словения, Грекия сынды мықтылармен ойнаймыз деп, біраз күшті сарқып алған сияқтымыз.

— Турнир жайлы не айтар едің? Деңгейі қалай болды?
— Жарыс бәрімізге ұнады. Тәжірибе жинадық, көп нәрсе үйрендік. Бәрінен бұрын мықты командалармен ойнап, оларды жеңе білдік. Бұрын-соңды мұндай жоғары деңгейлі турнирлерге қатысқан емеспіз.

— Футболшылар көзге түсіп жатса, оларға деген сұраныстың артары да заңдылық. Болашақта қай клубта ойнағың келеді?

— Әрине, ойланбастан «Шахтер» дер едім. Негізгі арманым – Лондон төрінде «Челси» сапында ойнау.

— Армандарың орындалсын! Рахмет!

 

Дереккөз: "Жас қазақ" газеті

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру