` ҚФФ президенті Гранаткин мемориалында екінші орын алған футболшыларды құттықтады

ҚФФ президенті Гранаткин мемориалында екінші орын алған футболшыларды құттықтады

22.01.2017, 15:14

469

0

Ресейдің Санкт-Петербуг қаласында аяқталған футболдан Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінің жабылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен бас менеджер Игорь Утробин қатысты. Олар турнирдің күміс жүлдесіне ие болған қазақстандық футболшыларды құттықтап, қолдау білдірді. Сонымен қатар, біздің құрамаға қолдау көрсетіп, стадионға жиналған жанкүйерлерге де алғыстарын айтты. 

- Біздің футболшылар турнирде жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жаттықтырушылар штабы мен футболшыларға, құрамаға қолдау көрсеткен жанкүйерлердің барлығына алғыс айтамын. Стадионға жиналған жанкүйерлерді ерекше атап өткім келеді. Футболшыларымыз жеңіс жолын әрі қарай жалғастырады деп деп сенемін, - деді ҚФФ президенті. 

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімер құрамасы Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінде тұңғыш рет финалға шығып, екінші орынды иеленді. Біздің құраманың екі ойыншысы ұйымдастырушылар тарапынан жекелей марапатқа ие болды. Еркебұлан Сейдахмет турнирдің ең үздік шабуылшысы атанса, Айдос Орал ең үздік жартылай қорғаушы деп танылды.

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру