` Бүгін Гранаткин мемориалы финалында Қазақстан мен Ресей құрамалары кездеседі

Бүгін Гранаткин мемориалы финалында Қазақстан мен Ресей құрамалары кездеседі

Фото: granatkin.com

21.01.2017, 13:18

258

0

Бүгін Гранаткин мемориалы халықаралық турнирі аяқталады. Соңғы жарыс күнінде 2017 жылғы жеңімпаз команда анықталады. Финалда Қазақстан мен Ресей құрамалары кездеседі. Біздің футболшылар жарыстың шешуші сынына тұңғыш рет шығып отыр. 

Александр Кузнецов баптайтын 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңде Словакия және Әзірбайжан құрамаларымен тең ойнап, Литваны ұтқан болатын. Ширек финалда Словения футболшыларын сүріндірді. Жартылай финалда Грекия футболшыларын 2:1 есебімен ұтып, жолдама алды.

Қазақстан U19 - Ресей U19 құрамалары арасындағы ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды Қазақстан футбол федерациясының сайтынан көре аласыздар. 

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру