` 2019 жылғы ФИФА Конгресі Астанада өтуі мүмкін

2019 жылғы ФИФА Конгресі Астанада өтуі мүмкін

19.01.2017, 21:54

301

0

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Қаныш Әубәкіров Цюрихтегі ресми сапарының аясында ФИФА бас хатшысы Фатма Самурамен* кездесті.


Кездесу барысында тараптар өзара серіктестің алдағы жоспарларын талқылады. ҚФФ бас хатшысы Қаныш Әубәкіров 2019 жылы Астанада ФИФА Конгресін өткізуді ұсынды. Халықаралық футбол қауымдастығының жетекшілері бұл ұсынысқа қызығушылық танытты.


Біздің тарап Талғардағы ұлттық құраманың базасын жаңарту жобасын да таныстырды. Алдағы уақытта ондағы футбол алаңдарының санын артпақ. Фатма Самура жобаны мақұлдап, Халықаралық футбол қауымдастығының қаржыландыруға көмек көрсететінін айтты.

Анықтама:
*Фатма Самура 1962 жылдың 9 қыркүйегінде Сенегалда дүниеге келген. Францияның Лион қаласында білім алған. Біріккен Ұлттар Ұйымында Сенегал елінің бас өкілі. Сонымен қатар, БҰҰ-дағы Нигерия өкілінің уақытша міндетін атқарушысы.
2016 жылдың 13 мамырында Фатма Самура ФИФА-ның бас хатшысы қызметіне сайланды. Ол бұл қызметті басқарған алғашқы әйел.

Ұқсас жаңалықтар

  • Қаныш Әубәкіров – ҚФФ Бас хатшысы

    21.09.2016, 18:43

    744

    0

    Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен Әубәкіров Қаныш Қайдарұлы Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

  • UEFA өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

    09.04.2015, 18:47

    2442

    0

    Кездесу қорытындысы бойынша UEFA заң департаментінің өкілі Анджело Ригопулос Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне пікір білдірді.

  • Көңіл айту

    21.12.2015, 10:28

    957

    0

    Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі Берік Қаниевтің әкесі Сералы Қаниевтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтады.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру