` ҚФФ Еуропаның футбол қауымдастығымен стартегиялық серіктестікті нығайтуда

ҚФФ Еуропаның футбол қауымдастығымен стартегиялық серіктестікті нығайтуда

Фото: uefa.com

17.01.2017, 15:57

521

0

Швейцарияның Лозанна қаласында УЕФА және ұлттық қауымдастықтар жетекшілерінің қатысумен UEFA TEP жобасының аясында кездесу өтті. 

УЕФА президенті Александр Чефериннің қатысумен өткен дөңгелек үстелге Қазақстаннан бөлек, 10 еуропалық футбол қауымдастығы қатысты. Басқосуда еуропалық футбол қауымдастықтарының жұмысын ұйымдастыру мен ұлттық және клубтық жарыстардың мәселелері талқыланды. 

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен бас хатшы Қаныш Әубәкіров талқылауға қатысты. Сонымен қатар, Беларусь, Грекия, Латвия, Мальта, Ресей, Румыния, Түркия, Украина және Эстония федерацияларының өкілдері болды. 

Дөңгелек үстелдің модераторлық қызметін УЕФА бас хатшысы Теодор Теодоридис атқарды. УЕФА-ның бас хатшысының орынбасары әрі жарыстарды ұйымдастыру департаментінің директоры Джорджо Маркетти мен ұлттық қауымдастықтар департаментінің директоры Зоран Лакович те осы кездесуге қатысты. 

*UEFA TEP - УЕФА-ның Top Executive Programme (TEP)  деп аталатын жобасы. Лауазымды тұлғаларға арналған бағдарлама 2005 жылы іске қосылған. Басты мақсаты - УЕФА-ның бас кеңсесі мен еуропалық федерациялар жетекшілері арасында тікелей байланыс орнату. 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру