` Николай Левников: Менің басты міндетім - деңгейі жоғары төрешілер дайындау

Николай Левников: Менің басты міндетім - деңгейі жоғары төрешілер дайындау

Фото: www.kff.kz

06.01.2017, 13:40

254

0

Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің жаңа басшысын таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Департамент жетекшісі болып белгілі ресейлік маман Николай Левников тағайындалды. Ол баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді. 

- Қазақстандық төрешілерге алға жылжу үшін көмек қажет. Бүгінде Еуропа мен әлемнің үздік төрешілері меңгерген білімдерді меңгеруі тиіс. Мен УЕФА төрешілер комитетінің мүшесімін. Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің төрешілерімен жұмыс істеуде мол тәжірибем бар. Бұл елдердің төрешілік ұйымдарын басқардым. Сол себепті Қазақстан футбол федерациясы осы тәжірибені екі жыл бөлісуді сұрады. Деңгейі жоғары төрешілерді дайындап, ашықтық кеңістігін қалыптастыру жүктелді, - деді Қазақстан футбол федерацясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің жаңа басшысы. Николай Левников мамандар мен жанкүйерлер тарапынан қазақстандық төрешілерге сенім арттыру Қазақстан футбол федерациясы Төрелік ету және қадағалау департаментінің басты міндеті екеніне тоқталды. 

- Мен әрқашан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тілдесуге дайынмын. Әр тур сайын маңызды ойындарға қатысты пресс-релиз ұсынамыз. Онда ойынның ең қиын эпизодттарына қатысты департамент өкілдерінің пікірі көрсетіледі. Сонымен қатар, рейтинг жұмыс істей бастайды. Бүгінде қазақстандық төрешілер ұйымының жұмысы УЕФА конвенциясына сәйкес жүргізілген. Дарынды жас төрешілер бар. Олардың әрі қарай нық жұмыс істеуіне демеу қажет, - дейді Левников. 

-  Төрешілердің барлығына физикалық дайындық пен салмақ  бойынша бақылау болатынын айттық. Төрешілер Түркияда оқу-жаттығу жиынында екі сынақ тапсырады. Біріншісі - ФИФА сынағы. Ал, екіншісі жиын соңында болатын Yo-Yo сынағы. Сынақтан өте алмаған төрешілер қайта тапсырады. Артық салмағы бар төрешілер қатйадан бақылаудан өтеді. Сол кезде олар ойынға тағайындалады. Бұл уақыт талабы. Дұрыс шешім қабылдау үшін төрешінің физикалық дайындығы өте жақсы болуы міндет, - деп атап өтті ол.  

Осы уақытқа дейін Николай Левников Ресей футбол одағының төрешілер комитетінде қызмет атқарды. Ол бұған дейін 2008-2009 жылдары Қазақстан футбол федерациясының төрешілер департаментін басқарған еді. Айта кетейік, Николай Левниковпен келісімшарт екі жылға жасалды.

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру