` Николай Левников - Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры

Николай Левников - Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры

04.01.2017, 17:38

480

0

Белгілі ресейлік маман Николай Владиславович Левников Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Ресей футбол одағының төрешілер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2008-2009 жылдары Николай Левников Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

 

Анықтама:

Николай Владиславович Левников

Туған күні: 15 мамыр 1956 жыл

ФИФА-ның халықаралық категориядағы төрешісі болды.

1984 және 2001 жылдар аралығында ресейлік және халықаралық матчтарда бас төреші болып жұмыс істеді. 1996 жылғы Еуропа Чемпионаты, 1997 жылғы Конфедерация Кубогы және 1998 жылғы Әлем Чемпионатында қызмет атқарды.

2001 жылдан бастап УЕФА инспекторы, 2004 жылғы Еуропа Чемпионаты, 2004 жылғы УЕФА Кубогы және 2006 жылғы Әлем Чемпионатында еңбек етті.

2001 жылдың желтоқсаны мен 2006 жылдың тамызы аралығында Ресей футбол одағының Футбол төрешілері коллегиясының президенті болды.

2008 – 2009 жылдары Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменінің басшысы болды. 

2012 - 2016 жылдары Ресей футбол одағының төрешілер комитетінің басшысы.

УЕФА төрешілер комитетінің мүшесі.

2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан футбол федерациясы Төрелік ету және қадағалау департаментінің  директоры.

 

Ұқсас жаңалықтар

  • Total.kz ақпараттық агенттігінің арнайы жүлделері табысталды

    10.07.2015, 17:00

    2228

    0

    Total.kz ақпараттық агенттігі УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы кезеңінде қазақстандық командалар қатысқан матчтарға үздік ойыншылар сыйлығын тағайындады.

  • 3 тамыз күні Астанада Жалпыұлттық футбол форумы өтті

    05.08.2016, 10:30

    936

    0

    Шараны Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырды. Форум аясында Қазақстан футболын дамыту стратегиясы - «Футбол жолы 2026» жобасы талқыланды. Шара ұйымның ресми сайтында тікелей эфирде көрсетілді. Үш мыңнан астам адам бірнеше сағатқа созылған шараны онлайн арқылы қарады.

  • Артем Кучин Еуропа Лигасының матчына тағайындалды

    21.07.2015, 9:56

    2447

    0

    Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі румыниялық «Астра» мен шотландиялық «Инвернесс» арасындағы матчтағы қарағандылық Артем Кучин бастаған қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру