` «Достық кубогы-2016» балалар турнирінің жеңімпазы - «Монтажник» футбол клубы

«Достық кубогы-2016» балалар турнирінің жеңімпазы - «Монтажник» футбол клубы

08.11.2016, 18:39

807

0

8 қараша күні Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдер арасындағы IV Халықаралық  «Достық кубогы» турнирінің қатысушылары марапатталды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының міндетін атқарушы Сейілда Байшақов қатысты.

3-8 қараша аралығында өткен турнирге Қазақстан мен Қырғызстанның  2000 және 2001 жылы туған балалардан құралған 10 команда қатысты.

Турнирге қатысушы командалар Шымкент, Алматы, Тараз, Қарағанды және Бішкек (Қырғызстан) қалаларынан келді.

Командалар екі топқа бөлініп сынға түсті. А тобында «Монтажник» (Тараз), РСДЮСШОР (Бішкек), «Жастар» (Қарағанды), ФШМ (Алматы) және СДЮШОР №7 (Шымкент) өзара жеңімпазы анықтады.Ал, Б  тобындағы тартыс «Дордой» (Бішкек), ОСДЮСШОР (Шымкент), ОСДЮСШОР № 5 (Тараз), «Тараз» ФК (Тараз) және «Достар» (Тараз) арасында өтті.

Турнир қорытындысы бойынша «Монтажник» жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орын «Дордой» (Бішкек) және ОДЮСШОР (Шымкент) командаларына бұйырды.

Сейілда Байшақовтың айтуынша: «Федерация жұмысының басым бағыты - елімізде футбол инфрақұрылымын құру және ол арқылы өз футболшыларымызды дайындау. Балалар футболын дамыту үлкен маңызға ие».

Турнир қорытындысы бойынша  үздік ойыншылар анықталды: қақпашы - К. Төлепберген (ОСДЮСШОР, Шымкент), қорғаушы - Б. Төлепбергенов («Монтажник», Тараз), жартылай қорғаушы - О. Тимур улы («Дордой»,  Бішкек), шабуылшы - А. Мелисбеков (РСДЮШОР, Бішкек).

Турнирдің ең үздік ойыншысы болып  «Монтажник»  командасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет атанды.  

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру