` Қазақстан U21 - Англия U21 матчына аккредитация алу үшін ұсынымдар қабылданады

Қазақстан U21 - Англия U21 матчына аккредитация алу үшін ұсынымдар қабылданады

Фото: www.kff.kz

20.09.2016, 9:16

1029

0

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ЕУРО-2017 іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы матчқа аккредитация алу үшін ұсынымдарды қабылдауды бастайды.

Федерацияның баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының ұсынымдарын 2016 жылдың 4 қазаны сағат 13:00-ге дейін қабылдайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Англия жастар құрамалары арасындағы матч 6 қазан күні Ақтөбе қаласында Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Матч жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына - press@kff.kz  жіберу керек.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Аккредитациялық бейджиктер матч алдындағы баспасөз мәслихатында беріледі.

Анықтама телефоны: +7 (707) 515 20 20; +7 (7172) 790-780 (121).

Ұқсас жаңалықтар

  • Қазақстан – Исландия

    05.03.2015, 12:19

    2676

    0

    Қазақстан футбол федерациясы 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан – Исландия матчында жұмыс істеуге аккредитация алу үшін ұсынымдарды қабылдайды.

  • Қазақстан - Израиль матчына аккредитация алу үшін ұсынымдар қабылданады

    25.05.2016, 12:32

    2812

    0

    Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ЕУРО-2017 іріктеу турниріндегі Қазақстан - Израиль әйелдер құрамалары арасындағы матчқа аккредитация алу үшін ұсынымдарды қабылдауды бастайды.

  • ЕУРО-2017. Қазақстан - Швейцария

    01.09.2015, 10:56

    1242

    0

    Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі жастар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Швейцария матчына аккредитация алу үшін өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру