` Болат Есмағамбетов: «Жас қыран» лигасы балалар және жасөспірімдер футболының іргетасы болмақ»

Болат Есмағамбетов: «Жас қыран» лигасы балалар және жасөспірімдер футболының іргетасы болмақ»

19.11.2015, 16:35

5744

0

Қазақстанда жақында ғана «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер футболының  лигасы құрылды. Алдағы уақытта Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футболының  лигасы еліміздегі барлық жарыстардың басын біріктірмек.

Ауылдан басталып, республикалық турнирмен аяяқталатын жарыс жүйесін құру балалар және жасөспірімдер футболын дамытуға көмектеседі. Бұл Қазақстандағы нөмірі бірінші спорттың дамуына үлкен серпілі қоспақ.

«Жас қыран» лигасының құрылуы жөнінде Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футболының  лигасының атқарушы директоры Болат Есмағамбетов толығырақ әңгімелеп берді.

- Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігің қолдауымен «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер футболының  лигасы құру идеясы жүзеге асырылды. Біздің елімізде балалар және жасөспірімдер мектебінде, жеке клубтарда көптеген балалар футболмен шұғылданады. Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футболының  лигасының міндеті - жарысқа көптеген балаларды қатыстыру.

Жарысты ұйымдастырудың келесі құрылымын жүзеге асыру жоспарда бар. Жарыстың алғашқы кезеңі - ауыл-аудан аралық жарыс, әрі қарай қала және облыс аумағында өтеді. Облыстық турнирлердің жеңімпаздары аймақтық турнирге қатысады. Аймақтың кезеңнің қатысушылары төрт өңірге бөлінеді. Орталық -  (Павлодар, Қарағанды және ШҚО), Оңтүстік (Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облысы және Алматы қаласы), Солтүстік (СҚО, Акмола, Қостанай облысы және Астана қаласы), Батыс (Маңғыстау, Атыраус, БҚО және Ақтөбе облысы). Аймақтық жарыстардың жеңімпаздары Республикалық финалға қатысады, онда «Жас Қыран» лигасының жеңімпазы анықталады. Бес жас аралығында 2000-2004 жылғы балаларды жарысқа тартуды жоспарлап отырмыз.  

- Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футболының  лигасының негізі  қалай құрылды?  

- Жыл сайын 15 шақты турнир өткізетін Алматы қаласының балалар және жасөспірімдер футболы лигасының жүйесі негізге алынды. Лига 2011 жылдың 25 қарашасында ұйымдастырылған. Алматы қаласының балалар және жасөспірімдер футболы лигасында 58 команда ойнайды. Жарысқа қатысатын балалардың жалпы саны - 1500. Енді біз еліміздің барлық аумағын қамтуды көздеп отырмыз. 14 облыс және 2 қала. Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футболының  лигасының барлық құжаттары - тәртіптері, бағдарламалары және келесі жылдың күнтізбелік жоспары әзірленді.  Әр аймақта біздің өкілдеріміз бар. Олар лига жарыстарын ұйымдастыруға жауап береді.

- Жақында Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футболының  лигасы аймақтың өкілдерімен кездесті. Бұл жиынның қорытындысы қандай?

- Біз аймақтардан балалар және жасөспірімдер футболында жарыстарды өткізуде тәжірибесі көп адамдардың барлығын шақырдық. Олар жергілікті жердің мәселесінен жақсы хабардар. Қазақстанда бұқаралық балалар және жасөспірімдер футболын толық қамтитын бірыңғай жүйені аймақтарда енгізуді қалаймыз.

- Бастапқыда республикалық жарыстардың жеңімпазын халықаралық турнирге қатысу идеясы айтылды. Бұл идея қалай жүзеге аспақ?

- Біз бұл идеядан бас тартпаймыз. Ол футболшылардың дамуын, жеңіске ұмытулын жігерлендіреді. Республикалық кезеңде жеңіске жеткен команданы Қытай, Ресей немесе Түркияда өтетін халықаралық турнирге қатыстыру жоспарда бар. Балалар және жасөспірімдер футболын дамытуда үлкен аумақты қамтуға тырысамыз. Қазақстан футбол федерациясы құрып жатқан пирамиданың іргетасы «Жас қыран» лигасы болмақ. Балалар әрі қарай футбол орталықтарына, кейін аймақтық академияларға өте алады. 

 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру