` Қазақстан чемпионы «Бешикташпен» ойнайды

Қазақстан чемпионы «Бешикташпен» ойнайды

01.09.2015, 19:40

6048

0

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылды. Футбол орталықтары мен академияның 1997 жылғы жасөспірімдер командалары арасындағы ел чемпионы «Ақтөбе» футбол клубының тәрбиеленушілерінің қарсыласы түріктің «Бешикташ» командасы болды.

«Ақтөбе» футболшылары «Чемпиондары жолының» алғашқы кезеңінен бастайды. Турнир тәртібі бойынша екі кезеңді өткен командалар топтық кезеңде алғашқы екі орынды иеленген командалармен кездеседі.   

Еске сала кетейік, «Астананың» да жасөспірімдер командасы Чемпиондар Лигасына қатысады. Олар негізгі команда сияқты өз тобында  португалиялық «Бенфика», түріктік «Галатасарай» және испаниялық «Атлетико» командасымен ойнайды. 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру