` «Ақтөбе» футбол клубының жүлдесіне арналған турнир аяқталды

«Ақтөбе» футбол клубының жүлдесіне арналған турнир аяқталды

20.08.2015, 15:44

5523

0

10-16 тамыз аралығында Ақтөбеде 2006-2007 жылғы балалар арасында «Ақтөбе» футбол клубының жүлдесіне арналған футболдан қалааралық турнир өтті.

Турнире 7 команда қатысты. Олар - «Ақтөбе-2006» ФК, «Ақтөбе-2007» ФК, ОБЖОРМ № 8, «Ақжайық-2006» ФК, «Ақжайық-2007» ФК (екеуі де - Орал), БЖФМ «Оқжетпес» (Кокшетау) және «Шахтер» ФК (Қарағанды).

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар: 1-орын  -  «Ақжайық-2006» ФК,  2-орын - «Ақтөбе-2006» ФК, 3-ші орын  ОБЖОРМ № 8. Жүлделі орынға болған командалар кубок және дипломдармен марапатталды. Ал, ойыншыларға медальдар мен мақтау қағаздары тарту етілді. Үздік ойыншыларға «Ақтөбе» ФК негізгі құрамының футболшылары бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, барлық қатысушыға естелік сыйлықтар берілді. 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру