` Словакияда өткен турнирдің жеңімпаздары елге оралды

Словакияда өткен турнирдің жеңімпаздары елге оралды

Фото: www.kff.kz

14.07.2015, 18:14

4367

0

Бүгін таңғы сағат бесте Алматы қаласының әуежайында құлағы мүкіс еститін футболшылар командасын салтанатты түрде күтіп алу шарасы өтті. 

Балалар футзалдан Словакияда өткен халықаралық турнирге қатысып, бас жүлдеге ие болды. Команданың бас демеушісі, Қазақстан футбол федерациясының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Виктор Катков жеке қарсы алды. «Қайрат» командасының ардагері, белгілі бапкер  Виктор Георгиевич балаларды жеңісімен құттықтады. Спортшылардың әрі қарай жетістікке жетуін тіледі. Сонымен қатар, кәсіби футболды емес, бұқаралық футболды қолдаудың маңызы зор екенін айтып, команданың жаттықтырушысы, футболшы Асыл Ыбырайымовты жеке құттықтады. Әр спортшыға Қазақстан футбол федерациясының атынан естелік сыйлықтар табыс етті. «Дара» қоры да естелік сыйлықтарын үлестірді. 

Естеріңізге сала кетейік, құлағы мүкіс еститін балалар оқитын Алматы қаласының №5 мектебінің футбол командасы 2009 жылы «Дара» қайырымдылық қорының бастамасымен құрылды. Сол уақыттан бері балалар ұзақ жолды артқа тастады. Әуесқой командадан ұлттық және халықаралық жарыста жеңіске жететін нағыз командаға айналды. 

Қазақстан футбол федерациясы 2014 жылдан бері демеушілік жасап келеді. 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру