` Испания жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары шеберлік сабағын өткізді

Испания жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары шеберлік сабағын өткізді

Фото: www.kff.kz

24.06.2015, 17:21

5096

0

24 маусым күні «Астана Арена» спорт кешенінде Испания жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары «Астана» футбол орталығының 2005 жылғы тәрбиеленушілеріне шеберлік сабағын өткізді.

Испаниялық мамандар астаналық жас футболшыларға бірқатар жаттығуларды көрсетті. Сонымен қатар, жұмыс әдістемесімен бөлісті.

Шеберлік сабағынан кейін жасөспірім футболшылар мен испаниялыұ жаттықтырушылар суретке түсті.

- Жақсы әсер алдық. Барлығы көңілді өтті, - дейді Испания жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы  Сантьяго Дения. -  Біз балалармен жұмыс істеу арқылы өзімізге де жаңа тәжірибе алдық. Біздің мақсат жаттығуларды еркін түрде жеткізу болды. Қазақстандық футболшылардың ішіінде дарынды балалар бар. Алайда, олар жаттығуды жалғастырып, бапкерлерін тыңдауы тиіс. 

Ұқсас жаңалықтар

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру