` Қазақстан Республикасында 2016-2022 жылдары футболды дамыту бағытттары
  • Негізгі/
  • Қазақстан Республикасында 2016-2022 жылдары футболды дамыту бағытттары

Қазақстан Республикасында 2016-2022 жылдары футболды дамыту бағытттары

Жоба

Қазақстан Республикасында футболды дамытудың

2016 – 2022 жылдарға арналған

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ

 

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Қазіргі жағдайды саралау

2.1.    Жалпы ақпарат

2.2.    Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол

2.3.    Клубтық футбол

2.4.    Ұлттық құрама институты

2.5.    Футбол инфрақұрылымы

2.6.    Төрешілік

2.7.    Жанкүйерлермен жұмыс істеу

1. Алға қойған мақсаттарға жету жолдарының негізгі бағыты

3.1.    Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол

3.2.    Клубтық футбол

3.3.    Ұлттық құрама институты

3.4.    Футбол инфрақұрылымы

3.5.    Төрешілік

3.6.    Футбол туралы ақпараттық қолдау

3.7.    Жанкүйерлермен жұмыс істеу

1. Жүзеге асыру кезеңдері  (2016 – 2019, 2020 – 2022)

2. Орындалу барысына баға беру және мониторинг жүргізу

3. Қосымша (Жүзеге асыру барысында жоспарланған шаралар)

 

2. Кіріспе

Салауатты өмір салты мен спортты дамыту «Қазақстан-2050» стратегиясының ең маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстан Республикасы Президенті салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты дамыту, елімізде спорт нысандарын салу, сондай-ақ әлемдік тәжірибелерге сүйеніп спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін арнайы тапсырма жүктеді.

Футбол басқа көптеген елдердегідей Қазақстанда да өте кеңінен тараған спорт түрі. Халықаралық футбол федерациясының құрамына әлемнің 209 мемлекеті кіреді. Футболдан өтетін Әлем біріншілігі халық арасында маңыздылығы жағынан Олимпиада ойындарынан кем түспейді. Бұл – футболдың қоғам үшін маңыздылығын анық көрсетеді.  

Бүгінде Қазақстанда 700 мыңнан астам адам футболмен шұғылданады.

Футбол әлем бойынша ең танымал спорт түрі болғандықтан салауатты өмір салтын насихаттауда, дені сау ұрпақ тәрбиелеуде таптырмас құралға айналды. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, футбол инфрақұрылымына бөлінген қаржы адам өміріне құйылған инвестиция ретінде, әрі футболдың сапасын арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Футболды дамыту балалардың бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізіп, жастар арасындағы денсаулыққа кері әсерін тигізетін шылым шегу, нашақорлық, алкоголизм сияқты зиянды әрекеттерге тосқауыл болады.

Футболдың жастар арасындағы маңыздылығы өте жоғары. Жастардың футболға деген қызығушылығын арттыру өзін-өзі қалыптастыруына, қоғамдағы өз орнын табуына жол ашады. Болашақта футболды дамытуда осы басымдықтарды үнемі назарда ұстау қажет.

Қазақстан футболын дамыту жолындағы ұйымдастыру жұмыстарын барлық деңгейде жүзеге асыруда түбегейлі өзгерістер қажет. Оның ішінде негізгі бағыттарға футболшыларды дайындау мен футбол инфрақұрылымы кіреді.

Елімізде футболды дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда Қазақстан Республикасында футболды дамытудың 2016 – 2022 жылдарға арналған Бағдарламасын негізге алуы қажет (бұдан былай – Бағдарлама).

Футбол саласы саясатының ұйымдастыру негізі ретінде Бағдарлама футболды басқарудағы өзгерістерді қамтитын ресурстар мен мерзімдер бойынша өзара байланысты шаралар жиынтығы болып табылады.

 

 

3. Қазіргі жағдайды саралау

Қазақстан Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол одағы қауымдастығының (УЕФА) толыққанды мүшесі.

Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол жүйесіне Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен салынған футбол орталықтары, Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі (БЖСМ) кіреді. Елімізде 13 футбол орталықтары жұмыс істеп тұр, «Қайрат» ФК академиясы базасында 215 жаттықтырушы 5 227 баланы футболға баулып жатыр. 194 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі мен (БЖСМ), Олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде 32 мыңнан астам балалар футболмен шұғылданады.

Елімізде балалар арасындағы негізгі турнир – жыл сайын оқушылар арасында өтетін «Былғары Доп» жарысы. Бұл турнир «Coca-Cola» компаниясының қолдауымен 2006 жылдан бері өтіп келеді. «Былғары Доп» турнирі жыл сайын елімізде кеңінен танылып, 2006 жылы турнирге еліміздің әрбір өңірінен әртүрлі жастағы 100 мыңнан астам оқушылар қатысты, 2014 жылы олардың саны 350 мыңға дейін жетті.

2009 жылдан бастап ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жас қазақстандық футболшыларға Бразилиядағы арнайы мамандандырылған футбол академиясында үш жыл оқу-жаттығудан өтуге мүмкіндік туды. Бүгінге дейін Бразилиядағы футбол академиясынан тәлім алған 52 спортшы бар, олардың 16-сы Премьер-лигада ойнайтын клубтардың қатарына, 26-сы Бірінші лигада өнер көрсететін клубтардың қатарына қосылды. Дәл қазір Бразилияда оқу-жаттығуда 26 жас қазақтандық футболшылар дәріс алып жатыр.

Бүгінде Алматы қаласында С категориясындағы (балалар жаттықтырушы) жаттықтырушыларды даярлауға бағытталған техникалық орталық жұмыс ітейді.

Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболды дамыуға кедергісін келтіретін түрлі факторлар бар. Спорт мектептері мен жабдықтардың, жоғары деңгейдегі жаттықтырушы мамандар жетіспейді. Балалар жаттықтырушылары мақсатты түрде дайындау жұмыстары өткізілмейді.

 

Клубтық дәрежедегі футбол

Елімізде кәсіби футбол клубтарынан құралған Қазақстан кәсіби футбол лигасы (ҚКФЛ) бар. ҚКФЛ аясында төмендегідей жарыстар өтеді: Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионат, Премьер-лига клубтары қосалқы құрамалары (дублер) арасындағы чемпионат, Бірінші лига клубтары арасындағы біріншілік, Қазақстан Кубогы мен Қазақстан Суперкубогы.

2014 жылы Премьер-лигада 12 футбол клубы өнер көрсетті, жалпы саны 600 футболшы атсалысты. Оның ішінде 84-і легионер, ресми қабылданғандары 57 футболшы. Әр команда құрамына жеті легионерден артық ала алмайтындай шектеу қойылды, сондай-ақ, матч барысында алаңға 5 легионер ғана бір мезетте шыға алады. Қазақстандық жас ойыншылардың дайындығын пысықтап, ойын тәжірибесін арттыру мақсатында әр команда ойынға 22 жастан аспайтын (1992 жыл) қазақстандық ойыншыны қосып отыру міндеттелді.

2014 жылы Бірінші лиганы 15 футбол клубы құрады. Оған 406 футболшы атсалысты. Бірінші лигада 18 легионер өнер көрсетті, оның ішінде ресми қабылданған ойыншылар саны 8 болды. Әр матчқа 3 легионерден артық өтініш мақұлданбайды. Сондай-ақ, әрбір матчқа қазақстандық жасы 20-дан аспайтын (1994 жылы дүниеге келген) жоқ деген бір футболшы, жасы 20-ға толмаған (1995 жыл) жоқ дегенде бір ойыншы өнер көрсетуі міндеттелді.

Легионерлер санына шектеу қою ең біріншіден қазақстандық футболшыларды тәрбиелеуге, қазақ футболының болашақ жұлдыздарына жол ашу мақсатында жүргізіліп отыр.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан клубтары УЕФА кестесінде 32 орынға көтерілді (2007 жылы 45 орында болған). Клубтық дәрежедегі футболдың тоқтаусыз дамуына қарамастан клубтардағы менеджмент сапасын, Премьер-лигада өнер көрсететін қазақстандық футбол клубтарына деген өзгелердің коммерциялық қызығушылығын, халықтың ел біріншілігіне деген ықыласын арттыру, футбол клубтарының инфрақұрылымын ілгерілетуге байланысты шаралардың жүзеге асуы күн тәртібіндегі мәселе.

 

Ұлттық құрама институты

Футболдың дамуының басты кепілі ұлттық құрама ойындарының көрсеткіштеріне байланысты. Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық аренада ресми тұрғыда төрт бағытта өнер көрсетеді (ұлттық құрама, U-21 жастар құрамасы, U-19 және U-17 жасөспірімдер құрамасы). Сондай-ақ, аралас үш бағытта (U-20, U-18 және U-16) өнер көрсететін командалар ресми және коммерциялық турнирлерде үздіксіз өнер көрсетіп келе жатыр. 2008 жылдан бастап Қазақстанда 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында халықаралық ҚР Президенті Кубогы турнирі өтеді. 

Ұлттық құрамада өнер көрсететін футболшылардың үлкен нәтижелерге қол жеткізуі үшін барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, Талғар қаласында барлық деңгейдегі ұлттық құрама ойыншылары үшін заманға сай спорттық-жаттығу базасы жұмыс істейді. Табиғи шөптен және жасанды көгалдан жасалған алаңдар, қонақ үй кешені, ойын және спорт залдары бар. Ұлттық құрама ойыншыларына ғылыми-медициналық көмек көрсету мақсатында аталмыш базада заманға сай ғылыми-зерттеу лабораториясы жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу лабораториясының көмегімен футболшылардың физикалық тұрғыда дайындығына баға беріп, жаттықтырушыларға нәтижесін көрсетеді.

Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 133 орында тұр. Ұлттық құраманың халықаралық турнирлерде төмен нәтиже көрсетуіне инфрақұрылым сапасы мен қазақстандық футболшылар арасындағы бәсекенің төмендігі кері әсерін тигізіп отыр.

Футбол инфрақұрылымы

Футбол инфрақұрылымына футбол стадиондары, футбол алаңдары мен алаңқайлары кіреді.

Футбол стадиондарының сапасының көрсеткіші оның УЕФА талаптарына қаншалықты жауап беретіндігімен өлшенеді. УЕФА талаптарына сәйкес стадиондар 4 түрлі санат бойынша сай болуы тиіс. Мұндай деңгейдегі футбол стадионы елімізде біреу ғана. Екі стадион УЕФА көрсеткен 3 түрлі санатқа жауап бере алады. Ал, екі түрлі санаттағы талаптарына жауап беретін стадиондар саны елімізде жетеу.

Елімізде кең көлемдегі 269 футбол алаңдары, 1 894 футбол алаңқайлары бар (көлемі стандартты емес). Бір футбол алаңына 2 000 адамнан, бір футбол алаңқайына 268 адамнан келеді. Барлық футбол алаңдарының көгалын ауыстыруға тура келеді. Еліміздің шұғыл-континентальды климатын ескерсек, жасанды жабындысы бар алаңдар санының аздығы балалар-жасөспірімдер футболының дамуына кедергісін келтіреді.

 

Футболды дамыту үшін футбол инфрақұрылымдарына түбегейлі өзгерістер керек. Еліміздегі шұғыл-континентальды климат жасанды жабындысы бар алаңдар мен жабық футбол манеждері қажет екендігін көрсетіп отыр.

 

 

Төрешілік

Бүгінде Қазақстанда тіркелген 500 футбол төрешілері бар. Олардың қатарында 55-і бас төреші. ФИФА тізіміне енген қазақстандық 22 футбол төрешісі бар. Олардың 10-ы бас төреші, 25-сі көмекшілер. 2014 жылы қазақстандық футбол төрешілері халықаралық деңгейдегі 31 ресми матчқа қазылық етті. УЕФА тарапынан қазақстандық футбол төрешілеріне деген сенім артып келеді. Мәселен, 19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа Чемпионатының финалында қазақстандық төрешілер жұмыс істеді, сондай-ақ, Еуропа Лигасының топтық кезеңдеріндегі матчтарға қазылық жасады.

2012 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясының төрешілер ұжымы УЕФА төрешілер конвенциясына толыққанды мүшелікке өтті. Еліміздің әр аймағында жас төрешілерді даярлайтын 17 мектеп жұмыс істейді. Оларға қажетті жағдайлар жасалып, жабдықта, киім-кешектер, оқу-әдістемелік жәрдем беріліп келеді. Өңірлердегі футбол арбитрлері мен көмекшілерін даярлайтын мектептерге көмек көрсетіліп келеді. 

Елімізде жас арбитрлердің матчтарда жоғары деңгейде қазылық етуі үшін үшсатылы «Таланттар мен тәлімгерлер» атты бағдарлама жүзеге асып келеді. Бұл бағдарламаға қатысқан арбитрлер Премьер-лига мен Бірінші лига мачтарына қазылық ету үшін шақырылатын болады.

Футбол арбитрлері мен инспекторларының еңбек құқығын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және қызметін ұйымдастыру мақсатында «Футбол арбитрлері мен инспекторлары» қоғамдық қоры құрылды.

 

Жанкүйерлермен жұмыс істеу

Жанкүйерлердің назарын аударту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Премьер-лигада өнер көрсететін барлық футбол клубтарында жанкүйерлермен жұмыс жасайтын мамандар бар. Премьер-лига матчтары да жанкүйерлердің бос уақытына сай өткізіледі.

Өкінішке қарай, Премьер-лига мен Бірінші лига матчтарына жанкүйерлердің қатысу көрсеткіші өте төмен. Прмьер-лигада өнер көрсететін командалардың стадиондарының сыйымдылығы орташа есеппен 14 мың адамды құрайды, 2014 жылы әрбір матчты тамашалау үшін орташа есеппен 3,9 мың адам қатысып отырған. Стадиондарға жанкүйерлердің матч қарауы орташа есеппен 28 пайыз. Осы көрсеткіштер негізінде Қазақстан Премьер-лигасы Еуропада жоғары лига ойындарын тамашалау бойынша 20 орында тұр. Ал, Бірінші лигаға келетін болсақ, 2014 жылы әр матчқа орташа есеппен 1 мың адамнан барып отырған.

Премьер-лига мен Бірінші лига ойындарын тамашалайтын жанкүйерлер санының тым аздығы жергілікті клубтарға деген футбол жанкүйерлерінің қызығушылының төмендігі және клуб мамандарының жанкүйерлермен жүйелі жұмыс жүргізбеуі басты себеп.

Жанкүйерлердің Қазақстан ұлттық құрамасы мен отандық футбол клубтарының атрибуттарына деген сұранысы уақыт санап артып келеді. Қазақстан ұлттық құрамасының атрибуттарын қолжетімді бағамен сатып алу немесе тапсырып бері үшін арнайы интернет-дүкендер ашылды. 3 мың адамнан тұратын Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлер базасы құрылды.

Жалпы айтқанда, Қазақстанда жанкүйерлердің футбол атрибуттарын сатып алу мәдениеті әлі де қалыптаспаған, сол үшін футбол клубтарының дені атрибуттарын сату арқылы пайда түсіруді негізгі мақсаты ретінде қарастырмайды. 

 

4. Алға қойған мақсаттарға жету жолдарының негізгі бағыты

Футболды дамыту жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асады:

Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол;

Футбол клубтары;

Ұлттық құрама институты;

Футбол инфрақұрылымы;

Төрешілік ету сапасын арттыру;

Футбол туралы ақпараттық қолдау;

Жанкүйерлермен жұмыс істеу.

 

Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер арасындағы футбол

Мақсат: Жас футболшылардың дайындығын ілгерілету

№ 1 міндет: Футболмен үздіксіз айналысатын балалардың санын арттыру

№2 міндет: Балалар жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру

Қазақстан футбол федерациясы еліміздің әр түкпірінде футбол орталықтарын салу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 2016 жылға дейін футбол орталықтары еліміздің барлық өңірлерінде ашып, футболмен айналысатын балалардың санын 5 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр. Футбол орталықтары желісін құрып, арнайы рейтинг енгізетін болады.

Сондай-ақ, аймақтық футбол академиялары салынып, футбол орталықтарында көзге түскен талантты ойыншыларды бақылауына алып, ұлттық құрама мен клубтарға лайық ойыншыларды іріктейтін болады. Федерацияның техникалық орталығы балалар жаттықтырушыларын дайындауды еліміздің барлық өңірлерінде қолға алады.

Жас футболшылардың бірыңғай базасы жасалады.

Футбол орталықтарындағы жаттықтырушылардың тәжірибесі Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі (БЖСМ) бапкерлеріне де оң ықпал ететін болады, БЖСМ жаттықтырушылары футбол орталықтары мен техникалық орталықтарда білімін жетілдіруге мүмкіндік алады.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболда бәсекені арттыру үшін U-15 аралық құрамасы жасақталады.

 

Нысаналы көрсеткіші

2014 ж.

(факт)

2019 ж.

(жоспар)

2022 ж.

(жоспар)

Футбол орталықтары мен футбол академияларында жаттығатын балалар саны

5 227

6 300

10 000

Футбол орталықтары түлектерінің әрбір көрсетілген есеп жылдарында ҚКФЛ клубтарының қосалқы құрамы (дублер) мен Бірінші лига клубтарының негізгі құрамында өнер көрсетуі пайыздық өлшеммен

37,5

45

60

С санатындағы жаттықтырушылардың саны

195

1 795

1 855

 

Клубтық футбол

Мақсат: Қазақстандық футбол клубтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

№ 1 міндет: Футболды коммерциялық жолға бейімдеу, қазақстандық футбол клубтарының тұрақтылығы мен қаржылық жағынан дамуын қамтамасыз ету

№ 2 міндет: Кәсіби футбол клубтарынының санын арттыру 

Футболдағы клубтық менеджменттің сапасын арттыру мақсатында Федерация футбол клубтарына ұжымдық басқару қағидаларын енгізуге атсалысатын болады. Барлық футбол клубтарының даму стратегиясы болады, барлық клуб жыл сайын атқарылған жұмыстар бойынша қаржылық есбеін жариялап отырады.

Клубтағы қаржылық істің ашықтық деңгейін арттыру, сондай-ақ, оның инфрақұрылымын жақсарту – демеушілердің футбол клубына деген қызығушылығын арттырады. Федерация мен ҚКФЛ футбол клубтарының бюджетіндегі демеушілік қаражаттың үлесін арттыруға атсалысатын болады

Премьер-лига клубтарының қатысуымен жастар арасында U-19 Қазақстан чемпионаты өткізіледі. Нәтижесінде әрбір клубтың төмендегідей құрамы болады: жастар құрамасы (19 жасқа дейін), қосалқы құрамы (21 жасқа дейін) және негізгі құрамы.

 

Нысаналы көрсеткіші

2014 ж.

(факт)

2019 ж.

2022 ж.

Кәсіби футбол лигасы (КФЛ) аясында аясында барлық турнирлерге қатысқан қазақстандық футболшылар саны

990

 

 

Даму стратегиясы бар Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының үлесі, %

16/0

100/50

100/100

Қаржылық есебін жариялаған Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының үлесі, %

0

50

100

Қазақстан Премьер-лигасына қатысушы футбол клубтарына демеушілер (мемлекеттік емес) тарапынан бөлінген қаражаттың жалпы көлемі, %

 

8,9

30

50

 

Ұлттық құрама институты

Мақсат: Ұлттық құраманың (барлық деңгейдегі командалары) бәсекеге деген қабілеттілігін арттыру

№ 1 міндет: Қазақстандық ойыншылардың ұлттық құрама сапына ілінуіне байланысты бәсекені жоғарылатыу 

№ 2 міндет: Ұлттық құраманың (барлық деңгейдегі командалары) ойын тәжірибесін ілгерілету 

Федерация ұлттық құрама ойыншыларын дайындау барысында шетелдік футболшылардың қазақстандық клубтарға келуіне шектеу қойды. Ұлттық құраманың ресми матчтарға дайындық деңгейін арттыру үшін ең үздік қарсыластармен жолдастық кездесулерді барынша көп өткізуді қолға алды.

Ұлттық құраманың (барлық деңгейдегі командалары) коммерциялық және жолдастық кездесулерде көп матч өткізуіне жағдай жасалады.

Ұлттық құрама ФИФА-ның рейтингі бойынша үздік 70 команданың тізіміне кіруі тиіс, ал жастар мен жасөспірімдер құрамасы УЕФА белгілеген рейтинг бойынша ең үздік 30 команданың қатарында болуы керек.

 

Нысаналы көрсеткіші

2014 ж.

(факт)

2019 ж.

2022 ж.

Ұлттық құраманың ФИФА рейтингі бойынша үздік елу командасы қатарына кіретін ұлттық құрамалармен өткізген жолдастық кездесулер саны

4/1

6/3

7/4

Қазақстан ұлттық құрамасы (барлық жас аралығындағы) қатысқан коммерциялық және жолдастық турнирлер саны

6

8

10

 

Футбол инфрақұрылымы

Мақсат: Футбол инфрақұрылымын жандандыру

№1 міндет: футбол стадиондарының сапасын арттыру

№2 міндет: жасанды жабындысы бар алаңдар мен жабық футбол манеждерінің санын арттыру 

Қазақстанда футболды дамыту үшін климаттық жағдайға қарамастан жылдың кез келген уақытында өтетін ұлттық құраманың жаттығуы мен матчтардың жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік жасау қажет. Осы ретте Федерация мен ҚКФЛ жасанды жабындысы бар алаңдар мен жабық футбол манеждерінің санын арттыруды көздейді.

Сондай-ақ, қолда бар футбол инфрақұлымдарын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Премьер-лигада ойнайтын футбол клубтарының стадиондары УЕФА-ның талаптарына сай болып, 3 категориясына ие болуы керек. Сонда Премьер-лигада ойнайтын кез келген команда Еуропа кубоктары жолындағы жарыстарды өткізуге мүмкіндік алады.

Футбол инфрақұрылымын жандандыру үшін мемлекеттік және жеке серіктестердің қағидалары ескерілетін болады.

 

Нысаналы көрсеткіші

2014 ж.

(факт)

2019 ж.

2022 ж.

УЕФА талаптарының 3,4 категорияларына сай келетін Премьер-лига стадиондарының үлесі, %

25

25

100

Жасанды жабындысы кең көлемді алаңдардың саны

100

 

 

Жабық футбол манеждерінің саны

1

 

 

 

Төрешілік ету сапасын арттыру

Мақсат: Төрешілік ету сапасын үздіксіз дамыту

№1 міндет: Қазақстандық арбитрлердің УЕФА және ФИФА сенімінен шығатындай етіп дайындау

№2 міндет: Қазақстандық футбол төрешілерінің кәсіби біліктілігін жоғарылату

Федерация «Жас футбол арбитрлері мектебі» мен «Таланттар мен тәлімгерлер» атты жобаларын жалғастырып, жас әрі талантты футбол төрешілерін дайындауды тоқтатпайды. Жас футбол төрешілерінің артуы ішкі бәсекені күшейтіп, қазақстандық төрешілердің УЕФА және ФИФА сеніміне кіруіне мүмкіндік әкеледі.

Бірінші кезекте мәселе, қазақстандық төрешілердің үнемі біліктілігін арттыру және олардың ағылшын тілін үйренуіне мүмкіндік жасау.

Қазақстандық төрешілер үлкен футбол турнирлерінде қызмет көрсетуге шақыртылуы тиіс.

 

Нысаналы көрсеткіші

2014 ж.

(факт)

2019 ж.

2022 ж.

УЕФА тізіміне ілінген қазақстандық төрешілер саны. 1/2/3 топ

0/1/3

1/1/2

2/2/1

Категориясы жоғарылаған қазақстандық төрешілер саны (Премьер-лига, Бірінші лига)

20

       34

 

Ағылшын тілін үйрену курсынан өткен қазақстандық төрешілер саны

 

 

 

 

 

Футбол туралы ақпараттық қолдау

Мақсат: Қазақстан футболының БАҚ-пен қатынасын күшейту

№1 міндет: футбол матчтарынан сапалы трансляция тарату үшін инфрақұрылым сапасын арттырып, соған лайықты мамандар дайындау

№2 міндет: ұлттық құрама мен қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін ойындарды тікелей эфирден барынша көп көрсету

№3 міндет: қазақстандық телеарналардан отандық футболға қатысты сапалы ақпараттық және сараптамалық бағдарларамалар санын өсіру 

Ұлттық құрама мен қазақстандық футбол клубтарының ел арасындағы танымалдылығы арту үшін Федерация БАҚ-тың футбол тақырыбын жиі көтеруі мен сапалы трансляция таратуды, сондай-ақ, ҚКФЛ өткізетін матчтардың барлығын дерлік тікелей эфирден көрсетуді қолға алады.

ҚФФ-сы футболы ілгері дамыған елдердің федерациясымен бірлесіп жұмыс істеп, олардың футболға ақпараттық қолдау көрсету мен матч трансляцияларын ұйымдастыру тәжірибесін үйренуді негізге алады. Қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Еуропаның футболы дамыған елдеріне тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасайды.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Премьер-лига ойындары мачтарын қабылдайтын стадиондарға деген талай күшейтіледі. Сонымен қатар матчтан сапалы трансляция тарату үшін инфрақұрылым сапасын да арттыруды қолға алады. Қазақстан ұлттық құрамасы мен Премьер-лига ойындары мачтарынан таратылатын трансляция сапасы Еуропаның үздік чемпионаттарымен теңесетін болады.

Федерация телеарналардағы футбол туралы контентті күшейту мақсатында заманға сай құрылғылармен жабдықталған футболға арналған арнайы телеарна ашуды жоспарлап отыр.  

 

Нысаналы көрсеткіші

2014 ж.

(факт)

2019 ж.

2022 ж.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Премьер-лига ойындарын қабылдап, заманға сай жабдықталған, сапалы трансляция таратуға мүмкіндігі бар стадиондардың үлесі, %

0

50

100

Телеарналардан тікелей эфирден көрсетілген Премьер-лига ойындарының үлесі, %

16

40

70

Телеарналардан тікелей эфирден көрсетілген Ұлттық құрама ойындарының (ресми және жолдастық кездесулер) үлесі, %

25/100

100/100

100/100

 

Жанкүйерлермен жұмыс істеу

Мақсат: Қазақстан футболының ел арасындағы танымалдылығын арттыру

№1 міндет: Ұлттық құрама, Премьер-лига және Бірінші лига матчтарына қатысатын жанкүйерлердің санын арттыру

№2 міндет: Жанкүйерлерді Қазақстан ұлттық құрамасы мен клубтардың сапалы атрибуттарымен қамтамасыз ету

№3 міндет: Ұлттық құрама мен клуб жанкүйерлерінің бірлесуіне, ұйымдасуына жағдай жасау

Жанкүйерлермен жұмыс Ұлттық құрама мен қазақстандық клубтардың барлық мачтарына қатысуына бағытталады. Ол үшін стадиондарда мерекелік көңіл-күй орнатып, жанкүйерлік мәдениеттің қалыптасуы үшін жұмыс жасалады.

Ұлттық құрама жанкүйерлерін футбол атрибуттарымен қамтамасыз ету жолға қойылады, Федерация футбол атрибуттарын сататын ірі сауда орындарын ашу үшін өзге де ұлттық құрамалармен бірлесіп жұмыс істейді.

Болашақта Премьер-лигада ойнайтын футбол клубтарының фирмалық дүкендерінің болуы негізгі міндетіне айналады.

Ұлттық құрама мен клубтар жанкүйерлерімен байланыс орнату барынша ашық түрде болады. Жанкүйерлер клубтардың жұмыстарына белсенді түрде атсалысатын болады.

 

Нысаналы көрсеткіші

2014 ж.

(факт)

2019 ж.

2022 ж.

Премьер-лига мен Бірінші лига матчтарына келушілердің орташа көрсеткіші

3 900/

1 018

15 000

20 000

Футбол атрибуттарын сататын фирмалық дүкендері бар Премьер-лига клубтарының үлесі, %

8

50

100

Ресми фан-клубы бар кәсіби клубтар саны

 

 

 

 

 

 

5.    Жүзеге асыру кезеңдері

1-кезең: 2015-2018

2-кезең: 2019-2022

6. Орындалу барысына баға беру және мониторинг жүргізу

       Федерация жүзеге асу жұмыстарына жылына бір рет мониторинг жүргізіп, бақылау нәтижесі жарияланып отырады.

Жүзеге асыру жұмыстары төменде көрсетілген негізгі көрсеткіштері бойынша бағаланады:

 

Нысаналы көрсеткіші

2014 ж.

(факт)

2019 ж.

2022 ж.

УЕФА коэффициенті кестесіндегі Қазақстанның орны

32

 

 

ФИФА рейтингіндегі Қазақстанның орны

 

139

 

70

 

 

7. Қосымша

1. Жүзеге асырудың іс-шара жоспары

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру