` Қызылордада Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған турнир өтті
ЖОБА
Балалар-жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы - 2012-2022
Дүкен

Қызылордада Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған турнир өтті

03.02.2017, 12:22

374

Қызылордада Сыр футболының аңызы Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған ардагерлер арасындағы футзалдан төртінші республикалық турнир өз мәресіне жетті. 

Әбіл Қалымбетов Қызылорданың «Орбита», «Мелиоратор», «Қайсар» клубтарының сапында 21 маусым ойнады. Осы уақыт аралығында ол 683 матчқа қатысқан. Кейін команданың басшысы, бас бапкер және спорт директоры қызметтерін атқарды. 

Жуырда өткен турнирге 12 команда қатысты. Жергілікті ұжымдардан басқа ойынға қатысу үшін Атырау, Шымкент және Байқоңыр қалаларынан да ардагер футболшылар келді. Бұл күні Әбіл Қалымбетовпен бірге ойнаған Пернебай Кенжебаев, Қадыр Ибрагимов, Александр Морозов, Алексей Тен, Марат Сәрсенов және тағы басқа футболшылар алаңға шықты.

Финалда «Петро Қазақстан» командасын 5:2 есебімен жеңген «Ардагер» командасы бірінші орынға шықты. Үшінші орын үшін өткен тартыста «Инфракос» командасы «Қайсардан» басым түсті.

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру