` Ардагерлерге алғыс
ЖОБА
Балалар-жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы - 2012-2022
Дүкен

Ардагерлерге алғыс

Фото: www.kff.kz

06.01.2017, 16:35

553

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде қазақстандық футболдың ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оларға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған алғыс хаттар табысталды.

Шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов, бас хатшы Қаныш Әубәкіров және вице-президент Азамат Айтқожин қатысты. Олар ардагерлерге Қазақстан футболының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін алғыстарын жеткізді.

Қазақстан футбол федерациясының жетекшілері оларға зор денсаулық пен отбасылық амандық тіледі. 

 

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру