` Астанада аула клубтары арасында жаңажылдық турнир өтті
ЖОБА
Балалар-жасөспірімдер футболын дамыту тұжырымдамасы - 2012-2022
Дүкен

Астанада аула клубтары арасында жаңажылдық турнир өтті

Фото: www.kff.kz

31.12.2016, 1:41

400

Жаңа жыл қарсаңында Астана қаласында аула клубтары арасында турнир ұйымдастырылды. "Қысқы демалыс" деп аталған турнирге 8 аула командасы қатысты. А тобында "Жастар -19", "Астана", "Astana life" және "Барыс" командалары сынға түсті. Б тобында "Dream Team", "Жеңіс", 56 және 59 мектептің командалары кездесті.  

А тобында алты ұпай жинаған "Astana life" финалдық кезеңге бірінші орынмен шықты. "Astana life" командасы "Жастар -19" және "Барыс"  командаларын 1:0 есептерімен ұтса, "Астана" ұжымына дәл осындай есеппен есе жіберді. Екінші орын "Жастар -19" командасына бұйырды.

Б тобында 56 мектептің құрамасы үздік шықты. Олар өз тобындағы үш ойында жеті ұпай жинап, қақпаларына бірде-бір гол жібермеді. Екінші орында - "Жеңіс" футболшылары.

Финалдық кезеңде төрт команда сынға түсті. Жарыс жеңімпазы атанған "Astana life" командасы "Жастар -19" және "Жеңіс" командаларын 1:0 есептерімен ұтып, шешуші ойында 56 мектептің командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. "Жеңіс" футболшылары 56 мектептің құрамасын 3:0 есебімен ұтып, екінші орынды иеленді. Үшінші және төртінші орындарды 56 мектеп пен "Жастар -19" командалары бөлісті. 

5-8 орынлар үшін өткен ойындар да тартысқа толы болды. Бұл кезеңде "Dream Team" мен 59 мектептің командалары жақсы нәтиже көрсетті. Ал, "Барыс"  пен "Астана" командалары соңғы орындардан көрінді. 

Турнир қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар ең үздік ойыншыларды марапаттады. Ең үздік қақпашы - Бекжан Қайырбеков ("Astana life"), ең үздік қорғаушы - Алижан Тұраров ("Жастар-19"), ең үздік шабуылшы - Әділет Смағұлов ("Жеңіс"). 

Еске сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясы мен Астана қаласының әкімдігі аула клубтарында тегін футбол секцияларын ашу бастамасын биыл қолға алған болатын. Балаларды футболға баулу үшін кәсіби жаттықтырушылар шақырылды. 

Ресми қосымша
  • Яндекс.Метрика
Сайтты әзірлеген — WebArtPromotion

Кіру